«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.12.2016

ТЕҢГЕГЕ ДЕГЕН СЕНІМ ЖОҒАРЫ

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалының кезекті брифингінде сөз алған спикер, Ұлттық банктің облыстық филиалының директоры Жомарт Қажырақымов теңгенің тарихына тоқталды.

ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕР ЖОЙЫЛАР ЕМЕС

Жуырда облыс орталығында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы құқық қорғау, кәсіподақ, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің рөлі туралы” тақырыбында шара өтті.

Қатарлары толықты

Республикалық “Жас ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатары бір жүзге жуық солтүстікқазақстандықпен толықты. Облыс орталығындағы №8 мектептің акт залына жиналған оқушыларды ұйымның мүшелігіне жергілікті билік өкілдері қабылдады.

ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Татарстанның Қазан қаласында муайтайдан өткен әлем кубогының жеңімпазы Руслан Заякин елге оралды. Әлем біріншілігінде жұлдызы жарқыраған саңлақты теміржол вокзалында Петропавл қаласы тұрғындары мен спорт саласы өкілдері қошеметпен қарсы алды.

МАХАББАТ МҰНАРАСЫ

  С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында өнерсүйер жұртшылық асыға күткен “Махаббат мұнарасы” спектаклінің премьерасы болып өтті. Белгілі жазушы Әбіш Кекілбаевтың “Махаббат мұнарасы” романының желісімен қойылған туындыны Мәдениет қайраткері, режиссер Баатырбек Шамбетов сахналады.

Алтын бесік

Ғасырға жуық тарихы бар абыз басылым – “Солтүстік Қазақстан” газетінің талай кіл мықты қаламгерлерді қанаттандырғаны көпшілікке мәлім. Қасиетті қарашаңырақта қаламы ұшталып, кейін облыстық партия комитетінде нұсқаушы, ел басылымы – “Егемен Қазақстан” газетінде меншікті тілші қызметтерін атқарған Амандық Әбжановтың есімі әлі күнге дейін әріптестерінің де, оқырмандардың да жадында. Ол салмағы зіл батпан журналистика саласында еңбек ете …

Алтын бесік Read More »

БОЛАШАҚ ЖЕҢІМПАЗДАР ҰСТАХАНАСЫ

Жыл санап гүлденіп келе жатқан Петропавл қаласының көркіне қарап, еріксіз сүйсінесің. Жаңадан бой көтерген әсем ғимараттар шаһардың ажарын ашып тұрғандай. Сол нысандардың бірі – “Жас Өркен” шағынауданында салынған мұз айдыны мен жеңіл атлетика манежі бар Спорт сарайы.

ЖАСТАР — ЕЛДІҢ ҮМІТІ, КЕЛЕШЕГІ

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. Бұл тұрғыда Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ еліміз жас ұрпақтың әлемдік бәсекеге қабілетті болуына баса назар аударды.

Жомарт ОМАРОВ: “БАР ТАБЫСҚА ЕГЕМЕНДІКТІҢ АРҚАСЫНДА ЖЕТТІМ”

Журналистік кәсіптің бір қызығы – қызмет бабымен көптеген адамдармен танысасың. Мақалаңның әрбір кейіпкері ішіне мол қазына жасырылған сыр сандық іспетті. Сол сандықтың кілтін таба алсаң ғана сұхбат беруші ағынан жарылады. Өңірімізге танымал азамат, белгілі кәсіпкер Жомарт Омаровпен кездесуге барарда істің адамы ғой, әңгімеміз жараса қояр ма екен деп күмәнданғаным рас. Алайда, амандасқаннан-ақ бұл азаматтың сөз …

Жомарт ОМАРОВ: “БАР ТАБЫСҚА ЕГЕМЕНДІКТІҢ АРҚАСЫНДА ЖЕТТІМ” Read More »

ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕРІМІЗДІҢ ДЕМБЕРУШІСІ

Мен Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевпен оның сонау Теміртау қаласындағы комсомол белсенділері қатарында қызмет етіп жүрген шағынан таныспын. Сол таныстығымыз уақыт өте келе үлкен құрмет пен сенімге негізделген замандас ретіндегі қарым-қатынасқа ұласты. Комсомол жұмысында жүрген біздің алғашқы таныстығымыздан-ақ мен Нұрсұлтан Әбішұлының бойындағы қайсарлықты, батылдықты, сөз бен іске деген адалдығын аңғардым. Содан бері арада талай жылдар өтсе де, …

ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕРІМІЗДІҢ ДЕМБЕРУШІСІ Read More »

Менің атым — Нұрсұлтан

Мен ата-әжемнің тұңғыш немересімін. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалған қасиетті Тәуелсіздік күні, яғни 1991 жылдың он алтыншы желтоқсанында өмірге келіппін.

ҚҰЛАШЫН КЕҢ ЖАЙҒАН КӘСІПОРЫН

Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдары көптеген қиындықты еңсерді. Елдегі дағдарыс зауыттар мен фабрикалардың жұмысын тежеп, өндіріс тоқырап қалды. Бұл халық тұтынатын тауарлардың сырттан тасылып, алыпсатарлықтың табыс көзіне айналған кезі болатын. Мұндай үдеріс қазақстандық бизнес ортаның қалыптасуына септігін де тигізді. Нарықтық экономиканың талаптарын меңгеріп, заманның ағынымен жүзуді үйренген кейбір делдал компаниялар бүгінде іргелі өндіріс орнына айналды. Солардың …

ҚҰЛАШЫН КЕҢ ЖАЙҒАН КӘСІПОРЫН Read More »

ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Күн шуағы қылаң беріп, жақсылықтың хабаршысындай болып терезеден бөлмеге енген кезде адамдардың бірі жұмысқа, келесілері сабаққа жинала бастайды. Мен де солардай таңмен таласа тұрып, сүйікті жұмысыма асығамын. Еш нәрседен қорықпай, болашаққа деген сеніммен әр таңымызды атырғанның өзі зор бақыт екен-ау!

Абайды қазақша оқитын Марина

Құшағы кең қазақ елі көптеген этнос өкілдерін бауырына тартты. Бір шаңырақ астында өмір сүріп жүрген түрлі этностардың бірлігі, ынтымағы басқа мемлекеттерге үлгі болса, олардың қазақ тілін меңгеруге ден қоюы – басты жетістігіміз. Бұл – нағыз патриоттардың қазақ жеріне, мемлекеттік тілге деген құрметі. Осындай қазақ тілін жетік меңгерген өзге этнос өкілдерінің бірі – Марина Писаренко.

АБЫЛАЙДЫҢ АҚ ҮЙІ

Қызылжар қаласындағы тарихи маңызға ие сәулет ескерткіштерінің ішіндегі ең құндысы да, ең көріктісі де – Абылай ханның ақ үйі. Үш жүздің басын қосқан, ханға арналып салынған үй туралы алғашында ел аузында аңыз-әңгімелер көп болатын, кейін ақиқатқа айналды. 2008 жылдың 21 тамызы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашып берген мәдени ескерткіш содан бері елдің рухани ордасына айналып, …

АБЫЛАЙДЫҢ АҚ ҮЙІ Read More »

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ Қоғам қайраткері, академик Ғарифолла Есіммен сұхбат

– Қазақта ертеден келе жатқан, заманға қатысты айтылған “Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” деген сөз бар. Әрлі-берлі тарихты ақтарар болсақ, “мың өліп, мың тірілген” қазақтың қай кезде осындай мамыражай ғұмыр кешкенін біле алмай дал болатынымыз рас. Тіпті, еліміздің бақ жұлдызы жарқыраған бүгінгі таңда да өзіміз өмір сүріп жатқан уақытқа қатысты сөз қозғала қалса, “алмағайып”, “күрмеуі қиын” …

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ Қоғам қайраткері, академик Ғарифолла Есіммен сұхбат Read More »

БЕЙБІТ ӨМІРДІ ҚАДІРЛЕЙІК

Облыс орталығындағы әл-Фараби мектеп-лицейінде “Ұлы Дала елі –Тәуелсіздіктің 25 негізі” атты 25 жұлдызды күн акциясының тоғызыншы күні “Н.Ә. Назарбаев манифесі “Әлем. ХХІ ғасыр” тақырыбына арналған шара өтті.

БОЛАШАҚ СЕНІМДІ ҚОЛДА

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес асыл қазынасы. Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған егемендігіміз ертеңгі күні сенімді қолға өтуі аға буын үшін аса маңызды. Сондықтан республикамыздың түкпір-түкпірінде өтіп жатқан “Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” акциясына мектеп оқушылары белсенді атсалысуда. Ақжар ауданындағы Бостандық орта мектебінің ұжымы халықтық шараға арналған “Бірлік. Тәуелсіздік. Прогресс” патриоттық акциясы шеңберінде мерекелік …

БОЛАШАҚ СЕНІМДІ ҚОЛДА Read More »

АРДАГЕРЛЕР ХОРЫНЫҢ ӨНЕРІ

“Ұлы Дала елi – Тәуелсiздiктiң 25 негізі” 25 жұлдызды күн акциясы аясында Қызылжар аудандық Мәдениет үйінде ардагерлер хорының шығармашылық концертi және “Елбасының ғаламдық бастамалары” атты кiтап көрмесi ұйымдастырылды.

ҰЛЫҚ МЕРЕКЕГЕ ТАҒЗЫМ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтында тілдік дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күні мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған “Біздің ел – бақытты…” атты әдеби-сазды кеш өтті.