Ұлы даланың әрбір тасы киелі. Оны қастерлеу – бүгінгі ұрпақтың парызы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласында жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымының ерекше маңыздылығын атап өтті. “Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі”, – деген болатын Мемлекет басшысы.
Сондай ұлт рухын асқақтатқан қасиетті орындардың бірі – Арыстан баб кесенесі. Бірлік пен ынтымағымызды бекіте түсетін, рухы өшпейтін, елмен бірге жасай беретін қасиетті жерде болған адамның толқымай қалмайтыны анық. Биыл “Soltústik Qazaqstan” газетінде ашылған жаңа “Qazaqstannyń kıeli jerleri” айдарының алғашқы мақаласын осы қасиетті жерден бастағанды жөн көрдік. Арыстан баб кесенесі мұсылмандар қауымы бас иетін ең негізгі орындардың бірі, XII-XIV ғасырдың сәулет ескерткіші. Аңыз бойынша әулие Арыстан баб Мұхаммедтің серіктесі, батыр, сонымен қатар, бағбан болып, пайғамбарымызға бақ салуға көмектескен. Кесене Шымкент қаласынан 150 шақырым, Отырар қаласы мен Шәуілдер ауылынан 2 шақырым жерде орналасқан.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің №8 (24.01.2019ж.) санынан оқи аласыздар.