«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСАУЛАР АУЫЗДЫҚТАЛДЫ

Астанадағы “Алтын тай” ат спорты клубында “FEI World Equestrian Games – 2014” әлем чемпионатына ат үйретуден іріктеу жарысы аяқталды. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Израиль және Польша спортшылары қатысты. Төрешілер алқасының құрамына Германия, Ресей, Беларусь пен Корея өкілдері кірді.

“Медиум Тест” бағдарламасы бойынша өткізілген жарыстар нәтижесінде барлық жүлделі орындар қазақстандық спортшыларға бұйырды. Бірінші орынды “Рио Джаз” атымен Галина Суховеенко алды. Екінші және үшінші орындарды – “Лексус” және “Роял-Принцесс” аттарымен Елена Куцерубова жеңіп алды. Басқа да қазақстандық спортшылар түрлі жарыстарда жүлделі орындардан көрінді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp