Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры атақты режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтің 85 жылдығына арналған V Халықаралық театр фестиваліне қатысты.
Онда біздің елімізбен қатар Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстанның сахнагерлері өнер көрсетті. Солтүстікқазақстандықтар сахналаған «Қасірет» психологиялық драмасына қазылар алқасы жақсы баға берді.