Талғат Мейрамов жетекшілік ететін “Атамекен-Агро-Шұқыркөл” ЖШС мал шаруашылығымен де айналысады. Қазір серіктестікте 10 бас бұқа, 39 бас бұқашық, 133 бас сиыр, 207 бас тайынша, 10 бас торпақ бар.
“Атамекен-Агро-Шұқыркөл” ЖШС-нің Тимирязев ауданындағы Мичуринское ауылына мұхиттың арғы жағынан “Абердин-Ангус” тұқымды 212 бас мал әкелу жоспарланып, оның 122-сі өткен аптада жеткізілген болатын, ал тағы 4-5 күннің ішінде 90 бас ірі қараны әкелу жүзеге асырылмақ. Бұл қыс айларындағы жоспар болса, көктемде табынға тағы 400-ге жуық асылтұқымды мал қосылмақ.
Бүгінгі таңда шаруашылықта жаңа технология бойынша салынған 600 басқа арналған асылтұқымды репродуктор бар. Ол Канададан әкелінген арнайы қондырғылармен жабдықталған. Жалпы биылғы жылы аталмыш репродуктор шаруашылықтың құрылысына 150 млн. теңге жұмсалса, шетелден әкелінген жабдықтар 60 млн. теңгеге түсті.
Алдағы уақытта мал басын 5000-ға жеткізу көзделіп отыр.
Гүлбаршын САТУБАЛДИНА,
журналист.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.