«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ…

Абай өлеңдерін оқу, білу, оның асыл мұраларын жеткіншек бойына жас кезінен дарыту – әр қазақтың міндеті десем, артық айтпаған болармын. Осы орайда Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушылары арасында “Абай оқуы” сайысын өткізу дәстүрге айналған.

Дода балалардың жас ерекшеліктеріне қарай 1-2 және 3-4-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.  

Әсіресе, ақынның “Құлақтан кіріп, бойды алар”, “Көк тұман – алдыңдағы келер заман”, “Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да”, “Ғылым таппай мақтанба”, “Алланың өзі де рас, сөзі де рас”, тағы басқа өлеңдері қазылар алқасының көңілінен шықты.

Шара соңында “Ақындар сыныбы” үйірмесінің жетекшісі Аманжол Зағыпар да Абай өлеңдерінен үзінді оқып, “Балдырған” балалар клубының мүшелері (жетекшісі – Т.С.Құлмағанбетова) әннен шашу шашты.

Мөлдір БАКЕЕВА,

қазақ мектеп-гимназиясы директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp