«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АС СОДАСЫНЫҢ ПАЙДАСЫ

Күнделікті өмірде жиі қолданылатын ас содасының тап қазір, яғни қыс мезгілінде өршіп кететін тұмауға қарсы керемет емдік қасиеті бар екенін білесіз бе? Қатты жаурағанда, мұрын бітеліп қалғанда дәріханаға жүгірмей, ас содасының көмегіне жүгінсеңіз болады.

Тұмаудың белгісі білінсе, тыныс алу қиындап, тамағыңыз жыбырлай бастаса, орта көлемдегі ыдыстағы қайнаған ыстық суға 1 шай қасық ас содасын салып, тыныс жолдарын 80 градус шамасындағы буға булау қажет. Булауды су суығанша жалғастырған жөн. Булау кезінде көзді жұмып, басыңызға сүлгі, не орамал жауып алған жақсы. Сонда сода аралас ыстық бу тура тыныс жолдарына әсер етеді. Ол еркін демалуға көмектеседі, мұрынның бітелгенін ашып, тамақтың жыбырлауын тоқтатады.

Ас содасы қосылған суға тамақты шаю баспа (ангина) көтерілуден сақтайды. Бала кезімізде мұздай су ішіп немесе қар мен мұз жеп көреміз деп тамағымызды жиі ауыртып алатынбыз. Сонда әжелеріміз аузымызға дәрі тықпаламай, содамен емдейтіні әлі есімде.

Асқазан қыжылдағанда, ауырса да ас содасын пайдалануға болады. Бұл кезде 1 литр қайнаған суға 1 шай қасық сода салып, жақсылап араластырып ішу керек. Шамалы уақыт өткеннен кейін асқазан қыжылы басылып, өзіңізді жеңіл сезініп қаласыз. Қыста етті, әсіресе, майлы тамақты көбірек жеп қоямыз. Асқазан сондай кездерде де сыр беруі мүмкін. Соданы пайдалану арқылы асқазанға түскен салмақты азайтуға болады.

Аптасына бір рет ас содасымен тісіңізді тазалап тұрсаңыз, көп ұзамай ағарып, тазарып қалғанын байқайсыз.

Гүлнәр ТӘШЕТОВА,

қала тұрғыны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp