«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АТАМЕКЕН АТАУЛАРЫ”

Солтүстік Қазақстан этномәдени ғылыми зерттеулер институтының жетекшісі, профессор Зарқын Тайшыбайдың құрастыруымен өңіріміздегі жер-су, елді мекендер атауларын тарихи және этнолингвистикалық тұрғыдан кең ауқымда зерделеген “Атамекен атаулары” атты кітап жарыққа шықты.

Авторлар жергілікті топонимика саласында шешімін таппаған мәселелерді жинақтап, жүйелеп, тарихи атауларды біріздендіріпті.

Зарқын Тайшыбайдың айтуынша, халық тарапынан қойылған жер-су атаулары сол жердің табиғи құжаты болып саналады. Еңбекте өңірдегі топонимдердің пайда болуы, дамуы, тілдік қабаттарының құрамы, тарихи өзгерістерге ұшырауы жергілікті халықтың тұрмысы, экономикалық-әлеуметтік, шаруашылық өмірімен сабақтастырыла баяндалған.

Бұл ұжымдық зерттеу облыс тарихында тұңғыш рет қазақша және білікті мамандардың белсене қатысуымен шығарылған ғылыми танымдық еңбек саналады. Алдағы уақытта тіл жанашырлары тарапынан елді мекендер мен жер-су атауларының сөздігін, қазақша-орысша электронды қорын жасау, өлкетану порталын ашу, экспедициялар ұйымдастыру қолға алынбақшы.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp