«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТА-АНАЛАР БЕЛСЕНДІ

Бескөл ауылындағы “Парасат” мектеп-лицейінде бастауыш сынып оқушыларының апталығы өтті. Шараның өтуіне оқушылармен бірге ата-аналар да белсене атсалысып, ашық сабақтарға, тренингтерге, спорттық сайыстарға қатысты.

Апталықтың қорытындысы түрінде алынған “Зерттеушілер аралында” тренингі психологиялық ахуал туғызатын жаттығудан басталды. Содан соң ата-аналарға жемістердің суреттері таратылып, олар “Алмалар” мен “Алмұрттар” топтарын құрады. Осыдан кейін өмірдің ащы шындығы баяндалатын “Әке мен бала” және “Отбасы құндылықтары” тақырыбындағы бейнебаяндар көрсетілді. Осы екі көріністен кейін ата-аналар өз ойларын ортаға салып, топтарында талдау жасап, сауалнама толтырды.

Тренингте ата-аналар баланың жеке тұлға болып қалыптасуына отбасының ықпалы туралы ойларымен бөлісіп, постер жасады. Мектеп пен ата-ананың арасында жиі кездесетін мәселелерге байланысты жағдаяттарды баяндаған сахналық қойылым көрсетті. Онда ата-аналар мектеп директорының, әкімшілігінің, мұғалімнің, киімжайшының, әлеуметтік ұстаздың кейпіне еніп, туындаған жағдаяттың шешімін тауып көрді. Осыдан өздеріне бір ой түйіп, ортақ талқыға салды.

Апталық соңында өткізілген іс-шаралар қорытындыланып, жеңімпаз оқушылар марапатталды. Таза күнделік иелері мен көркем жазу шеберлеріне мадақтама қағаздар берілді. Белсенді ата-аналар да марапаттарға ие болды.

Ұлжан ТІЛЕУІМБЕТОВА,

“Парасат” мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp