
Кеңес барысында жаңадан құрылған жергілікті полиция қызметінің жұмысы талданып, бірқатар аудандарда атқарылған жұмыстардың сапасына сын айтылды. Осы орайда Берік Біләлов бұрын сотталғандарға және шартты түрде бас бостандығынан айрылғандарға қатысты жұмысты күшейтуге баса назар аударуды тапсырды.
Кеңес барысында Берік Біләлов аудан әкімі Ержан Иманслямұлына жергілікті полиция қызметіне көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, оны “Батыр шапағаты” медалімен және департаменттің Алғыс хатымен марапаттады. Ал қызметтік міндетін адал атқарған Тайынша аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Петр Мартынюк “Өз ісіне адалдығы үшін” медалімен марапатталып, оған қызметтік көліктің кілті табыс етілді.
Осы күні Тайынша аудандық ішкі істер бөлімінің жаңа ғимараты және бөлім жанында салынған аумақтық уақытша ұстау оқшаулағышы пайдалануға берілді, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің құрметіне орнатылған ескерткіш тақта ашылды.
Айгүл ТӘШЕТОВА.
Тайынша ауданы.