«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ КЕШІ КӨҢІЛДІ

Жамбыл ауданына қарасты Баян ауылы түтіні түзу ұшқан елді мекендердің қатарында. Мұнда ауылдың күретамыры секілді Мәдениет үйі жұмыс істейді. Ауылда тұратын жасамыс та, жас та қолдары күнделікті күйбің тірліктен қалт еткенде осында ағылады. Мәдениет үйінің қызметкері Аққу Шәкібаеваның ұйымдастыруымен тұрғындардың жүректеріне жол тартқан әртүрлі концерттік бағдарламалар олардың көңіл-күйлерін көтеріп, ажарландыруда.

Аққу Қуанышқызының бастамасымен ауылдан түлеп ұшқан Тілек Дүкенов, Сырым Төртбаев, Ерболат Серікбай және Сәкен Қасен сынды өнерпаз жастар мереке сайын әртүрлі мәдени шаралар ұйымдастырып, тұрғындардың демалуына жағдай жасауды әдетке айналдырған. Ауылдың болашағына бейжай қарамайтын олар Жаңа жыл қарсаңында да жұртшылыққа соңы бағдарламаларын ұсынып, шаттыққа бөледі. Ауылда Мәдениет үйінен өзге орта мектеп, фельдшерлік қосын жұмыс істеп, олар жыл сайын жас мамандармен толығуда. Мұның өзі баяндықтардың болашағының зор екендігін айғақтайды.  

Асылгүл АЛҒОЖИНА,

аудандық жастар бастамалары орталығының

сарапшы-кеңесшісі.

Жамбыл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp