ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
Орал қаласында әйелдер арасында волейболдан жоғары лига ойындарының екінші туры аяқталды. Аталмыш сайыста жерлес волейболшыларымыз жүлделі орынға ие болды. Жарыста солтүстікқазақстандық “Қуаныш және К” командасы бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетті. Атап айтқанда, “Грация KZ” (Орал қ.), “Астана-2” (Астана қ.) және “Қарағанды-2” (Қарағанды қ.) құрама командаларынан басым түссе, ал бес партияға созылған тартысты кездесуде алматылық “Алматиночка” …