«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУ САЛУДАН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ

Көктемде балық уылдырық шашады. Нақ осы кезде олардың көбеюіне кедергі келтіріп, ау құрып, қармақ салғандар заң аясында жазасын алады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес сәуір айынан бастап өңірдің барлық өзені мен су қоймаларында балық аулауға қатаң тыйым салынған. Мәселен, шортан, аққайран, көксеркені 15 сәуірден 15 мамырға дейін аулауға болмайды. Тұқы мен сазан балықтарын аулауға салынған тыйымның мерзімі 20 мамыр мен 20 маусым аралығын қамтыса, гаммарус балығын аулауға шектеу 1 тамыздан 14 қыркүйекке дейін қойылды. Артемия уылдырықтарын жинауға 1 наурыз бен 15 маусым аралығында рұқсат жоқ. Ал өзен шаяндарын 1 маусым – 15 шілде аралығында ұстауға болмайды. Мұндай шектеулер су жануарларының еш кедергісіз көбеюіне мүмкіндік береді.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау тек мемлекеттік тапсырыс аясында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу үшін рұқсат етіледі.
Осы кезеңде облыс аумағындағы өзен-көлдер қорықшылардың қатаң бақылауында болатынын ескертеміз. Қармаққа балық емес, өзіңіз ілініп қалмайын десеңіз, ау салудан аулақ болыңыз.

Амангелді ҚАЖЫҒАЛИЕВ, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы  балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp