«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 15, 2019

АЖАЛЫ – ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫННАН

Өңірде өрт оқиғаларының алдын алу шаралары жүргізілгеніне қарамастан, қайғылы жағдайлар орын алуда. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен баспасөз мәслихатында ведомство бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев мәлімдеді. Азаматтық қорғау полковнигінің айтуынша, жыл басынан бері өңір аумағында 167 өрт оқиғасы тіркелген. Пеш пен электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы салдарынан 11 адам қаза …

АЖАЛЫ – ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫННАН Read More »

БОЗБАЛАЛАРҒА ОҢТАЙЛЫ МҮМКІНДІК

Бүгінде түрлі жағдаймен бір жылдық әскерге бара алмайтын жастарға мемлекет оңтайлы мүмкіндік ұсынып отыр. Еліміздің әр түкпірінде ашылған Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде бар-жоғы қырық күннің ішінде азаматтық борышты өтеуге болады. Қарулы Күштер қатарына резерв даярлауда Петропавлдағы мектеп табысты жұмыс істеуде. Мектеп бастығы, отставкадағы полковник Бахт-Жан Сембаевтың айтуынша, оқуға іріктеу жылына 7-8 рет жүргізіледі. Былтыр бұл …

БОЗБАЛАЛАРҒА ОҢТАЙЛЫ МҮМКІНДІК Read More »

КОНТРАФАКТІЛІК ІШІМДІК ТӘРКІЛЕНДІ

“Мамлютка” теміржол көліктерін тексеру бөлімшесінің шекара жасағы Петропавл теміржол бекетінде тоқтап тұрған “Анапа-Красноярск” бағытындағы №130 пойызға 457,7 мың теңгенің контрафактілік өнімнің тиеліп жатқан сәттің үстінен түсті. Құжатсыз тиеліп жатқан 110 шөлмек (220 литр) шарап, 30 шөлмек (60 литр) коньяк, 78 шөлмек (156 литр) арақ, 28 шөлмек (56 литр) мускат шарабы, 14 шөлмек (28 литр) алма …

КОНТРАФАКТІЛІК ІШІМДІК ТӘРКІЛЕНДІ Read More »

18 ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ

Үстіміздегі жылы Петропавл қаласын абаттандыру, апатты тұрғын үйлерді сүріп, орнына жаңа баспана салу жұмыстары жалғастырылатын болады. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл облыс орталығында алғашқы 18 қабатты тұрғын үйлер салынады. Былтырдан бері Петропавлда сүрілген 600 ескі үйдің орнына екі мыңнан астам пәтер тұрғызылуда. Егер өткен жылы 3 апатты үй құлатылса, биыл облыс орталығында 17 апатты …

18 ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ Read More »

ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛДЫ

Петропавл халықаралық әуежайынан Ресейдің Мәскеу қаласына қатынау үшін жаңа әуе рейсі ашылды. Петропавл халықаралық әуежайының директоры Марат Қасеновтің айтуынша, Азаматтық авиация комитеті қазақстандықтардың халықаралық бағыттарға ұшуына қолайлы жағдай жасау мақсатында Ресейдің “ИрАэро” әуе компаниясымен келісімге келді. – Өңір жұртшылығы Алматы, Астана және Шымкент қалаларына ғана ұшақпен қатынаса, енді әуе бағыттарының қатары толықты. Ресейлік компания Жуковский …

ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛДЫ Read More »

КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алдағы уақытта трактор, себу кешендері және комбайндар сияқты ауыл шаруашылығы техникалары жергілікті машина жасау зауытында құрастырылатын болады. Былтыр Нұр-Сұлтан қаласында өткен XI экономикалық форум аясында облыс әкімдігі мен Германия елінің “CLAAS” компаниясының директоры Нильс Ройтч арасында ортақ жобаны жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойылды. Заманауи техника жергілкті “Қазтехмаш” машина жасау зауыты” ЖШС-нің базасында құрастырылмақшы. Жаңа …

КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ Read More »

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ КАРЬЕРАСЫН АЯҚТАДЫ

«Ювентус» қорғаушысы, жасыл алаңдағы кәрі тарландардың бірі Андреа Бардзальи футболшылық мансабын аяқтайтынын хабарлады. Жасыл алаңнан кеткеннен кейін немен айналысатынын әлі шешпеген. Дегенмен, бапкерлікке ден қоюы әбден мүмкін. Осы маусымда ол «Ювентус» сапында алты рет ғана алаңға шықты. Ол кәсіби мансабын 1998 жылы бастаған. «Болашағым туралы көп ойландым. Алдағы айларда барлық нұсқаларды қарастырамын. Мүмкін менеджер, мүмкін …

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ КАРЬЕРАСЫН АЯҚТАДЫ Read More »

МЕКТЕППЕН ҚОШТАСУ КЕШІН БӘСЕКЕГЕ АЙНАЛДЫРМАУ КЕРЕК

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мектеппен қоштасу кешіне қатысты пікір білдірді. – Негізі, бұл мәселе жыл сайын көтеріліп тұрады. Бірақ бұрыннан бері келе жатқан жақсы бір дәстүр бар. Ол – түлектердің кешін мектепте өткізу. Ондайда мұғалім мен оқушы арасында салиқалы әңгімелер айтылады. Түлектердің өзара қарым-қатынасы да басқаша жүреді. Өкінішке қарай, соңғы кездері кім және …

МЕКТЕППЕН ҚОШТАСУ КЕШІН БӘСЕКЕГЕ АЙНАЛДЫРМАУ КЕРЕК Read More »

“КАЗГИДРОМЕТ” ЕСКЕРТЕДІ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 16 сәуір күні өңір аумағында батыстан соққан желдің екпіні секундына 23 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Кейбір жерлерде көктайғақ болады деп күтілуде. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ – САХНАДА

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ-сазды драма театры гастрольдік сапармен Семейде болды. Шығыстың өнерсүйер қауымы Абай атындағы театрда солтүстікқазақстандық өнерпаздардың Семей полигонының қасіреті жайлы қойған «Жан дауысы» (ақын Бауыржан Жақыптың поэмасы желісі бойынша сахналанған) атты спектаклін тамашалады. Адамзатты орны толмас қасіретке душар еткен Семей ядролық полигоны жабылса да, оның зардабын жергілікті тұрғындар бүгінге дейін көріп отыр. …

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ – САХНАДА Read More »

ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫ ӨСЕДІ

1 маусымнан бастап білім саласындағы мамандардың жалақысы өседі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Елбасының “Әлеуметтік қамқорлық” бастамасын іске асыру аясында білім беру жүйесін дамыту туралы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде Елбасы білім саласына да бірқатар тапсырма берген. Олардың ішінде ең негізгісі – білім саласындағы өзгерістер мен реформаларды белгілі бір …

ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫ ӨСЕДІ Read More »

БИГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ

Петропавл қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығында хореографиялық ұжымдар арасында облыстық “Каблучок” атты байқау өтті. Облыстық білім басқармасы және балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауда Аққайың, Есіл, Қызылжар, Уәлиханов, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мен облыс орталығынан 300-ден астам өнерпаз бақ сынады. Би өнерін дамытып, дарындарды анықтауға мүмкіндік берген сайыста қатысушылар классикалық, заманауи биден …

БИГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ Read More »

МАҚСАТ – ЖАЗАЛАУ ЕМЕС, КӨМЕК КӨРСЕТУ

Қазақстанда тұрып жатқан Түркия елінің 29 жастағы азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін еліне қайтып орала алмаған. Көші-қон құжаттарын тиісті түрде ресімдемеген ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының мамандары азаматқа Отанына қайту үшін көмек көрсетті. Бұл факті шетелдік азаматтар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтап, оларға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған “Заңсыз келуші …

МАҚСАТ – ЖАЗАЛАУ ЕМЕС, КӨМЕК КӨРСЕТУ Read More »

СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов бастаған 1200-ден астам тәртіп сақшысы мен ведомство ардагерлер кеңесінің отызға жуық мүшесі қайырымдылық сенбілігіне қатысты. Олар бірнеше сағаттың ішінде облыстық полиция департаменті корпустарының, Петропавл қалалық полиция басқармасының, бірінші және екінші полиция бөлімдерінің аумағын жинап, жиектастарды әктеп, өткен жылдан түскен жапырақтарды тазалады.

9 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ КҮНІ

Күнтізбелік жоспары бекіді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекітті.

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың магистранттары педагогика ғылымдары бойынша Алматы қаласында өткен республикалық олимпиададан жүлдемен оралды. “Жастар жылы” аясында еліміздің жоғары оқу орындарының магистранттары арасында ұйымдастырылған үшінші республикалық олимпиадада жерлестеріміз екі күн бойы түрлі сынақтардан сүрінбей өтіп, 18 топтың арасынан суырылып шыққан. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың педагогика факультеті деканының орынбасары Әсемгүл Жүнісова кіл мықтылар қатысқан сайыста жүзден жүйрік …

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ Read More »

ҚАЗАҚША АТАУЫ ҚАЙДА?

Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылынан шыққан көлігіміз Петропавл қаласына қарай жүйткіп келеді. Көлік терезесінен ескі жол белгілерінің жаңасына ауыстырылғанын байқап қалдым. Суреттен көріп отырғандарыңыздай, қазақша атауы тұратын орында “Нур-Султан” деп жазылыпты.

АУ САЛУДАН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ

Көктемде балық уылдырық шашады. Нақ осы кезде олардың көбеюіне кедергі келтіріп, ау құрып, қармақ салғандар заң аясында жазасын алады.