«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЯСЫ КЕҢ

 

Қазіргі таңда елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кең ауқымды шаралар жүргізілуде. Осы бағытта №2 қалалық емханада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өткенді жөн көріп отырмын. 

Емдеу мекемесі сексен мың­нан астам адамға медицина­лық көмек көрсе­теді. Емханада ау­рулардың алдын алу, өлім-жітім көрс­еткішін азайту мақса­тында жүйелі жұмыс атқарылуда. Алғаш­қы ме­дициналық көмек жиі кездесетін ау­рулар­ды диагностикалауды және емдеуді, отба­сы мүшеле­рі­нің денсаулығын қор­ғауды, те­гін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында науқастар­ды тегін дә­рі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, аурулар­дың алдын алуды, скринингтік тек­серулер­ді, инфек­циялық ауруларға қарсы иммундау шараларын жүргізуді, тұрғын­дар­дың гигиеналық сауаттылығын арттыру­ды қамтамасыз етеді. Амбула­тор­лық-ем­ханалық ұйым сырқаттануды, өлім-жітімді, мүгедектікке шалдығуды азайтуға ба­ғыт­талған кешенді шаралар­ды жүзеге асы­рады. Сонымен қатар ем­хана маманда­ры созылмалы сырқатта­ры бар науқас­тарды қада­ғалап, медици­на саласына жаңа технологияларды енгізіп, басқа медици­налық ұйымдар­мен тығыз байланыс орнатуда. Бүгінде №2 қалалық емхананың бірнеше филиа­лы бар. Оларда 86 дәрі­гер тұрғындарға ме­дициналық көмек көр­се­туде. Алайда, ден­саулық сақтау сала­сындағы кадр тап­шылығын да жоққа шы­ғара алмаймыз. Қа­лалық емханаға 24 дә­рігер қажет. Меди­ци­надағы өзекті мәсе­лені шешу үшін биыл оқу бітірген жас маман­дарды жұмысқа тар­ту көз­делген. Үс­тіміздегі жылы бес жас дә­рігер ұжымның қатарын толық­тырды. 

Қазір міндетті медициналық сақтан­ды­­ру жүйесі әлемнің көп­теген елдерінде қолданылуда. Біз­дің елімізде бұл рефор­ма “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы аясын­да қолға алынған бола­тын. Бүгінде барлық санаттағы тұрғындардың, әсіре­се, өзін-өзі жұ­мыспен қамтыған адам­дар­дың мін­детті әлеуметтік медициналық сақ­­тандыруға қатысуы бойынша түйткілді мәселелер оң жолға қойылуда.
Осы мақсатпен №2 қалалық емха­на мамандары тір­кеуге алынған тұрғын­дар арасында ақпарат­тық-наси­хат жұмыстарын жүргізуде. Ар­найы жұмыс тобы құрылып, тұрғын­дар­­ға міндетті әлеуметтік медициналық сақ­­тан­дыру мәселе­лерін түсін­діруде. Қызыл­жар­лықтарға жаңа жү­йеге қатысты жиі қойылатын сұ­рақтардың жауабы жинақ­­талған кітапшалар тара­тылды.
Қазір міндетті медициналық сақтан­ды­ру қорына қаржы жұмыс берушілерден аударылуда. Ал жұмыс істейтін тұрғын­дар­ тек жаңа жылдан бас­тап аударым жасай алады. Қорда жи­налған ақша ал­дағы жылдың қаңтарынан бас­тап тұрғындар үшін тегін медицина­лық қызметтердің аясын кеңейту­ге жұм­са­латын болады. Жұмыс істейтін тұрғындардан аударылатын жарна көлемі сатылап өседі.
Бұл жүйе жұмыскерлердің тапқан та­бы­­сына қарамастан медициналық кө­мектің барлық түрлерін алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жұмыс істейтін, дені сау азаматтардың есебінен қарт адамдар мен балаларды емдеуге де жол ашылмақ. Өйткені, медициналық көмекті осы са­нат­та­ғы науқастардың дені қажет етеді. Бірақ олар біреудің есебінен күн көріп отыр деген ойдан аулақ болған жөн. Өйт­кені, елімізде міндетті жарнадан босатылған азамат­тар аз емес. Мәселен, жүкті әйелдер, аз қамтылған тұрғындар мен те­мір торға тоғытылғандар төлем аудармайды. Жұмыс берушілер мен жұмыскер­лердің жарналары бірінші кезекте ауруха­наға түсу фактілерін төмендету мақса­тында жұм­са­лады.
Міндетті медициналық сақтан­дыру жү­йе­сін енгізу жұмыс берушілер мен аза­мат­тардың өз денсаулығына жауап­кер­шілікпен қарауын қалыптастырып, меди­циналық қызмет түрлерінің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Әсіре­се, алғашқы медици­налық-санитарлық кө­мек қызметін жетілдіріп, емдеу мекемелері арасында бәсекелестік тудырады.

 

Жеңіс ӘБІЛЕВ,
№2 қалалық емхананың
бас дәрігері.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp