«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Ақсудан” айласын асырды

Футболдан ел біріншілігінің алтыншы туры аясында “Қызылжар” командасы сырт алаңда павлодарлық “Ақсу” клубымен кездесті. Тартысқа толы матчта жерлестеріміз кезекті үш ұпайды еншіледі.

Жерлестеріміз алғашқы ми­нут­­­­тардан бастап шабуылдауға кі­ріс­ті. Бірақ бірінші гол тек 78-ші ми­нут­та соғылды. Нәтижелі соқ­қының авто­ры Пернамбуко. Арада үш минут өткенде “Қызылжар” ко­ман­дасы­ның жартылай қорғау­шы­сы Марат Шахметов алыстан ші­ре­не теуіп, екінші голды соқты. Кез­десу 0:2 есе­бімен аяқталып, пет­ропавл­дық­тар кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Турнир кестесінде “Қызыл­жар” клубы 18 ұпаймен бірінші орында келеді, екінші сатыға “Ақ­төбе” командасы көтерілді. Көш соңында – ақтаулық “Каспий”.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp