«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 17, 2023

ЕКІ ТАРАПҚА ДА ТИІМДІ

Президент Қасым-Жомарт То­қаев халыққа арнаған Жолдауында азаматтарымыз­дың құқықтарын қорғаудағы жүргізіліп жатқан ре­формалардың маңызын атап өтті. Осыған орай сот шешім­де­рі­нің са­пасын арттыруға, бірың­ғай сот тә­жірибесін орнықтыруды қам­тама­сыз етуге, сондай-ақ дау­лар­ды ше­шудің ерекше тетігі ре­тінде әкімші­лік әділет құрылымын ен­гізуге тап­сырмалар берді. Бұл ба­ғыт­тағы со­ны жаңалықтардың бірі – соттарда татуластыру институтта­ры­ның құ­рылуы бүгінде өзін-өзі ақ­та­ған тә­жірибе ретінде берік …

ЕКІ ТАРАПҚА ДА ТИІМДІ Read More »

Пайдалы кездесу

Облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандарды аралап, жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен, бизнес өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлік саласында қорда­ланып қалған мәсе­ле­лерді талқылауда. Осындай кездесу Уәлиханов ауда­нында да өтті. Оған облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев пен аудан әкімі Қайрат Пішенбаев қатысты. Мұндай кездесулерде кәсіпкер­лер­дің бастамасын қолдау, құқығын қорғау, қолайлы инвес­тициялық ах­уал құрып, жауапкершілікті арттыру мәселе­лері тал­қыланады. – Біздің қызметіміздің …

Пайдалы кездесу Read More »

Жас кәсіпкерлер қолдауға ие

“Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-ның облыстық филиалы жеңілдетілген несие беру үшін өті­ніштерді қабылдап жатыр. Осы күнге дейін өңір жастарынан 16 өтініш түсіп, алғашқылары мақұлданды. Несие жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне 5 жыл толмаған, 21 мен 35 жас аралығындағы жастарға бе­ріледі. Сомасы 5 млн. теңгеге дейін несие мал шаруашылығына – 7 жыл­ға, басқа кәсіп түрлеріне 5 жылға дейінгі …

Жас кәсіпкерлер қолдауға ие Read More »

Ауылға ауызсу жетті

Мамлют ауданындағы Белое ауылының тұрғындары отыз жылдан астам ауызсудан тарықты. Жазда – көлдің, қыста қардың суын ішуге мәжбүр болды. Осы жылдар аралығында елімізде елді мекендерді ауызсумен қамтуға арналған түрлі бағдарламалар жүзеге асса да, белоелықтар оның бірінің шарапатын көрген жоқ. Түрлі қолдаудан құр қалған тұрғындардың судың жайын айтып бармаған жері, қақпаған есігі жоқ. Редакциямызға хат жолдап, …

Ауылға ауызсу жетті Read More »

Саяжайларды су басты

Есіл өзені тасып, халықаралық маңы­зы бар “Новосібір – Челябі” автожолының Заречный кенті маңындағы учаскесін су басты. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 сәуір күні көліктердің қауіпсіз өтуі үшін учаске маңына белгі бағаналары, айналып өту кестесі қойылып, кезек­шілік ұйымдастырылған. Ал кешке қарай су деңгейі көтеріліп, автожолдың 525-529 километрін су басуына байланысты барлық автокөлік …

Саяжайларды су басты Read More »

САПАЛЫ ЖОЛ – ДАМУ КӨРСЕТКІШІ

Жол – экономиканың күретамы­ры. Тақтайдай тегіс жолдардың арқа­сында адамдар діттеген же­ріне жет­се, мемлекеттер жүк тасымалын реттейді. Оған туризм әлеуетін де қос­сақ, артық емес. Бір сөзбен айтар болсақ, жол инфрақұрылымы арқы­лы экономиканың көптеген салала­ры дами түсе­тіні ақи­қат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған “Әділетті мем­лекет. Бір­тұтас ұлт. Берекелі қоғам” Жолда­уында: “Автожол құрылысына, со­ның ішінде жергілікті …

САПАЛЫ ЖОЛ – ДАМУ КӨРСЕТКІШІ Read More »

КӨНЕ МЕШІТТЕГІ ИСЛАМ МҰРАЖАЙЫ

Қасиетті Рамазан айында облыс орталығындағы көне мешіттің ғимараты жаңғыртылып, ислам өркениетіне арналған музей ашылды. 1857 жылы салынған ғимарат бұған дейін “С.М.Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамының қоймасы ретінде пайдаланылып келген. Тарихи нысан мемлекет меншігіне қайтарылып, оған күрделі жөндеу жүргізілді. Музейдің салтанатты ашылу рә­сі­міне өңір басшысы Айдарбек Сапаров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы …

КӨНЕ МЕШІТТЕГІ ИСЛАМ МҰРАЖАЙЫ Read More »

Бюджет толыға түсті

Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезек­тен тыс екінші сессиясы өтіп, оның жұмысына өңір басшысы Айдарбек Сапаров қатысты. Күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе – 2022-2024 жыл­дарға арналған облыстың бюджетін бекіту туралы шешімге толықтырулар енгізу жайында бол­ды. Бұл жөнінде облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант баяндады. Биыл республикалық бюджет­тің нақтылануынан кейін облысқа 40070 млн. теңге, оның ішінде білім …

Бюджет толыға түсті Read More »

Газ құбыры қашан тартылады?

Біздің өңірден Парламент Мәжі­лісіне депутат болып сайланған жер­лесіміз Еркебұлан Мәмбетов өңірді газдандыру мәселесін көтерді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық са­уал жолдаған халық қалаулысы Қызылжар өңірін табиғи газбен қамту­ды жеделдетуді ұсынды. Бұл мәсе­ле жиырма жылдан бері көтеріліп келгенімен, Үкімет тарапынан әр-түрлі себеппен қолдау таппағанын айтты. “Президент Қасым-Жомарт То­қаев 2021 жылғы 17 маусымда елі­міздің газ саласын …

Газ құбыры қашан тартылады? Read More »

ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕР ТУЫНДЫЛАР

Петропавлдағы қалың­дық үйінде “Менің сүйікті қа­лам: та­­­рих пен келешек” ат­ты көр­кемсуреттер көрмесі ашыл­ды. Тарихтан сыр шер­тер ғи­мараттар мен орындар бей­неленген суреттер­дің ав­торы – мектеп оқушылары. – Елімізде халқымыздың өткен өмі­рін көз алдымызға әкелетін ес­керт­кіштер аз емес. Олардың әрқай­сысы біз үшін құнды болуы керек. Жуырда біз ескерткіштер апталығын ұйымдас­тыр­дық. Оның негізінде 7 мен 14 жас ара­лығындағы …

ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕР ТУЫНДЫЛАР Read More »

Ізгілік нұры

Өңірімізге жұмыс сапары­мен келген Қазақстан мұ­сыл­­ман­дары діни бас­қар­ма­сы­ның тө­раға­сы, бас мүфти Нау­­рыз­бай қажы Тағанұлы бір­қа­тар мә­дени ша­раларға қа­тыс­ты. Елорда­лық мей­ман об­лыс орталы­ғында өт­кен ауыз­ашар дас­тарқанын­да жа­ма­ғатқа уа­ғыз айтып, бас­қарма тара­пынан атқа­ры­лып жатқан жұ­мыс­тар­ға тоқталды. Жиында бір­қа­тар тұр­ғынға “Ра­мазан сыйы” та­быс­тал­ды. “Зекет және қайырымдылық” қо­рының ұйытқы болуымен “Қы­зыл­­жар” орталық мешітінің наиб имамы Мақсат Жұмажановқа қыз­меттік пә­тер …

Ізгілік нұры Read More »

Заңдастырылған көліктер

Облыста шетелдік авто­кө­лік­терді заңдастыру нау­қаны жалға­су­да. Ак­ция бас­талғалы бері өңірде 4115 адам өз көліктерін заңдас­ты­рып үлгерді. – Бізге ауыр жүк көліктері бо­йынша көптеген сұрақтар келіп түсу­де. Салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктері заңдастырылмайды, – дей­ді облыс­тық полиция депар­та­менті әкімшілік полиция басқарма­сы­ның бастығы Серік Әлжанов. Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті ішкі және сырты коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Сицилияда топ жарды

“Astana Qazaqstan Team” командасы “Джиро ди Сицилия” турына қатысты. Италияда өткен жарыстың соңғы және ең қиын таулы кезеңінде жерлесіміз Алексей Луценко жеңімпаз атанды. Елордалық велоклубтың көш­бас­шы­сы жарыстың соңғы күнінде мәре сы­зығын бірінші болып кесіп өтіп, жал­пы есепте де жеңіс тұ­ғырына көтерілді. – Мен соңғы кезең жалпы есеп­те­гі орын үшін шешуші сәт бо­латынын түсіндім. Сондықтан өзімді …

Сицилияда топ жарды Read More »

“Ақсудан” айласын асырды

Футболдан ел біріншілігінің алтыншы туры аясында “Қызылжар” командасы сырт алаңда павлодарлық “Ақсу” клубымен кездесті. Тартысқа толы матчта жерлестеріміз кезекті үш ұпайды еншіледі. Жерлестеріміз алғашқы ми­нут­­­­тардан бастап шабуылдауға кі­ріс­ті. Бірақ бірінші гол тек 78-ші ми­нут­та соғылды. Нәтижелі соқ­қының авто­ры Пернамбуко. Арада үш минут өткенде “Қызылжар” ко­ман­дасы­ның жартылай қорғау­шы­сы Марат Шахметов алыстан ші­ре­не теуіп, екінші голды соқты. …

“Ақсудан” айласын асырды Read More »

Адам соққан автобус

Петропавл қаласындағы Ж. Қизатов көшесінде “Yutong” маркалы автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 16 жасар қызды қағып кетті. Медициналық көмек көрсету үшін жол-көлік оқиғасы орнына “же­дел жәрдем” бригадасы шақыртыл­ды. Зардап шеккен қыз түрлі дене жарақаттарымен қаладағы меди­циналық мекемелердің біріне жет­кізілді. Автобус арнайы айып тұрағына қойылды. Меди­ци­налық куәландыру жүргізушінің ішім­дік ішпегенін көрсетті. Қазіргі уақытта …

Адам соққан автобус Read More »

ШАҒЫН ДЕНДРОБАҚ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универси­теті жанынан шағын дендробақ ашылды. Оның жалпы ау­мағы – 0,3 гектар. Бұл жерге ерекше және сирек кездесетін 50 шақты ағаш отырғызылды. “Былтыр Назарбаев универ­си­теті еліміздің жоғары оқу орындары арасында конкурс жариялаған бола­тын. Біз екі бірдей грантты ұтып ал­дық. Әрқайсысы – 800 мың теңге. Уни­­верситет басшылығы қосымша қар­жы бөліп, нәтижесінде дендро­бақ …

ШАҒЫН ДЕНДРОБАҚ Read More »

Öleñ özegı – ömır

Өңірімізде жыр сарайының табалдырығын енді аттаған жастарымыздың қатары аз емес. Солардың бірі – Жамбыл ауданындағы Жамбыл орта мектебінің оқушысы Мөлдір Асқар газетіміздің поштасына өзінің бір топ өлеңін жолдаған екен. Өлең әлемінің есігін енді ашып, поэзия көгіне қанат қағуды мақсат тұтқан жас талапкердің жырларын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Ұлт жолында азаптың бәрін көрдің (Мағжан Жұмабаевқа арнау) Қазақ …

Öleñ özegı – ömır Read More »

Жарасқанның жырлары жанды баурап, жүректі толқытады

Жуырда Ғабит Мүсірепов атын­дағы балалар мен жасөс­пі­рімдер кітапханасының маманы ха­барласып: “Біз Жарасқан Әбдіре­шев­тің туғанына 75 жыл толуына орай әдеби кеш ұйым­дастырғалы жатыр едік. Сол ша­раға келіп, ақын­ның бір өлеңін оқып бересіз бе?” – деп қолқа салды. Студент ке­зімде Жарасқан ақын­ның махаб­бат, табиғат тақыры­бындағы жыр­ларын сүйіп оқыған­дықтан, бұл ұсы­нысқа қуана келісе кеттім. Содан қазақтың аяулы ақындарының …

Жарасқанның жырлары жанды баурап, жүректі толқытады Read More »

ӨМІРДІҢ СЫНАҒЫНА СЫНЫП КЕТПЕ

Өмір тәтті ғой, шіркін! Жанның амандығы, тәннің саулығы –тағдыр маңдайға жазған бес күндік ғұмыр­дың ғажабы. Ертеректе үлкендер бір күні өтсе, “өмірім өтіп бара жатыр” деп жылайды екен. “Таңертең көзіңді ашсаң, ұйқыдан оянғаныңа қуан” дейді көпті көргендер. Бұлардың бар­лығы қиындыққа мойымай, өмірді сүюге баулиды. Себебі өлшеулі өмірдің қадірін білуіміз керек. Бірақ қазір бесіктен белі шықпа­ған баладан …

ӨМІРДІҢ СЫНАҒЫНА СЫНЫП КЕТПЕ Read More »

Ақталмаған үміт

Жұмыстан кейін дүкенге соғу әде­тім. Кешкі асқа көкөніс пен нан-сүт алу керек. Сауда орталығына бас сұ­ғып едім, алған затым көбейіп, көте­рер жүк те артты. Екі сөмкемен ұзақ жүре алмадым, қолым тала бастады. Демалып алатын орын іздеп, айна­лам­ды шолып келемін. Анадайда бос тұрған ағаш орындықты көріп, со­ған жетуге асықтым. Сөмкенің құла­ғы жіңішке екенін сонда аңғардым. Саусақтарымды …

Ақталмаған үміт Read More »