– Әлемде студенттер саны бойынша көш басында – АҚШ тұр. Бұл елде жоғары оқу орнында 14 млн. 261 мыңнан астам жас білім алуда. Үндістан, Қытай мен Жапония елдері жастарының қосындысы осынша адам болады.
– Тұңғыш рет студенттер күні 1941 жылы Лондонда фашизмге қарсы күрескен студенттердің халықаралық жиналысында қарашаның 17-сі күні болып бекітілді.
– Жапондық студенттер емтиханға өздерімен бірге “Kit Kat” шоколадын алып кіреді. Бұл – олардың сәттілік әкелетін бойтұмарлары екен. “Кitto katsu” жапон тілінен аударғанда “міндетті түрде жеңемін” деген мағынаны білдіреді.
– “Everest Poker” компаниясы өздерінің маркетингтік зерттеулері арқылы онлайн-покер ойыншыларының басым бөлігін студенттер құрайтындығын анықтады.
– Ерте кездердегі университеттерде емтихан барысында студентке шарап ішіп отыруға рұқсат берілген.
– Еуропадағы студенттердің орта жасы – 30. Ондағы адамдар көбіне жастары ұлғайған кезде студент атанады.
– Йель студенттері өздерінен төмен курста оқитын замандастарына дәптерлерін көшіртуге еш қиналмастан береді екен. Бірақ көшірген студенттің көзіне жасыл бояу жағып тастайды да, күні бойы студенттің үстіне мініп жүреді.
– Норвегияда жоғары білімді тегін, еш кедергісіз алуға болады. Сондай-ақ студентке кредит беріледі.
(Материал ғаламтордан алынды).