«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ақынның соңғы жинағы

Кәкімбек Салықов көзі тірісінде қазақтың ән атасы атанған әнші, ақын әрі композитор Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығын көп зерттеген, өлең-жырларын көзінің қарашығындай көріп жинап, кітап қылып шығаруды жоспарлап жүрген болатын. Алайда, беті қатталып, баспаға беруге дайын тұрған жинақты шығаруға дәм-тұзы жетпеді.

Бұл кітап 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың қолдауымен “Фолиант” баспасынан жарық көрді. Кәкімбек Салықов жаңа еңбегінде: “Біржан – қазақ халқының ұлттық мәдени-рухани өресінің өсуіне бел байлап атсалысқан, зердесіне ұлттық мүдде, ұлттық мінез сіңген әділдіктің жалауындай қайсар тұлға. Ол – халқымыздың ұлттық санасын оята түсіп, ел бірлігіне тұтқа болған, қайғысына қабырғасы қайысқан, озық ойлы ақыл иесі”, – деп жазады.

Кітап Кәкімбек Салықовтың “Біржан сал жайлы толғаныс” деп аталатын мақаласымен ашылған. Ал соңғы сөз ретінде белгілі ғалым, әйгілі батыр Мәлік Ғабдулиннің мақаласы берілген.

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp