Негізделген болжам
Құтқарушылар биылғы көктемде Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны 2016 жылғыдан да күшті болады деген пікірде. Ол негізсіз де емес. Биыл өңірге ылғал орташа жылдық көрсеткіштен екі есе артық түсті.
Құтқарушылар биылғы көктемде Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны 2016 жылғыдан да күшті болады деген пікірде. Ол негізсіз де емес. Биыл өңірге ылғал орташа жылдық көрсеткіштен екі есе артық түсті.
Облыстық балалар мен жаcөспірімдердің шығармашылығын дамыту орталығында мектеп оқушылары арасында ұлтаралық келісімді, достықты дәріптеуге бағытталған іс-шара өтті. Қалалық білім бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылған кездесуге Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ақсақалдар кеңесінің өкілдері, облыстық прокуратураның экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылды бақылау жөніндегі бөлімнің бастығы Ерлан Нұрышкин, Петропавл қаласының жастар бастамалары орталығының директоры Рүстем Есенбергенов қатысты.
Әдеп жөніндегі кеңестің соңғы отырысында Сергеевка қаласының әкімі Ерлан Жақыповқа қатысты тәртіптік іс қаралып, қызмет лауазымын төмендету жазасы ұсынылды. Талқылау барысында оның кәсіпкерлердің жекеменшігіндегі жер телімдерін алу жөнінде заңсыз шешімдер шығарғаны белгілі болды. Шағын және орта бизнес өкілдері мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент пен кәсіпкерлер палатасына шағымданбағанда заңды бұра тарту, адамгершілік нормаларын белден басу сияқты …
КӘСІПКЕРДІ АЯҚТАН ШАЛУ кей билік иелері үшін қалыпты жайтқа айналып кеткен тәрізді Read More »
Өңірде айыппұл төлеуден жалтарып жүргендерге жаза күшейтілді. Енді қарызын төлеуге асықпағандар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы бойынша әкімшілік қамауға алынады. Облыста айыппұлды уақытында төлемегендердің тізімінде 9 мың адам бар. Олардың қарызының жалпы құны 100 миллион теңгеден асады. Жуырда үш тәулікке қамауға алынған 53 жасар қала тұрғынының қарызы 400 мың теңгеден асып кетіпті.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірде пайдалануға берілген тұрғын үй құрылысының көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 17 пайызға артқан. Былтыр облыста 639 жаңа нысан салынса, оның 544-і тұрғын үй ғимараттары. Басқа нысандардың 26-сы ауыл шаруашылығына, 19-ы саудаға, 6-уы өндіріске және тағы 6-уы білім беру саласына тиесілі. Облыс аумағында құрылыс жұмыстарын 22 ұйым жүргізеді.
Тасжолмен жүйткіп келе жатқан жеңіл көліктің ішіндегілердің әңгімеге зауқы жоқ, әрқайсысы іштей өз ойымен арпалысып отырған сияқты. Сандуды да ой шырмап алған. Ол Қайырбекті түсіне алмай келеді. Жиырма жылдан артық уақыт көрмеген балалары “Әкем” деп өздері іздеп келгенде, үйден безіп кеткені несі?! Әлде осы уақытқа дейін балаларына әке болып не материалдық, не моральдық жағынан көмек …
Кәкімбек Салықов көзі тірісінде қазақтың ән атасы атанған әнші, ақын әрі композитор Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығын көп зерттеген, өлең-жырларын көзінің қарашығындай көріп жинап, кітап қылып шығаруды жоспарлап жүрген болатын. Алайда, беті қатталып, баспаға беруге дайын тұрған жинақты шығаруға дәм-тұзы жетпеді.
Қызыл алаңда жүрсең де әкім боп, аға, Ел- жұртың сені таныды ақын деп, аға. Бабалар кеткен ауылға атыңды бұрып, “Қош!” айтып кетіп барасың, Кәкімбек аға!
Қазақтың көрнекті ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жезқазған, Сәтбаев, Көкшетау қалаларының, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, даңқты жерлесіміз Кәкімбек Салықов тірі болса 85 жасқа толар еді.
Облыстық мәслихаттағы “Нұр Отан” партиясы депутаттық фракциясының жанынан құрылған “Тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту” комиссиясының мүшелері “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында “Береке” шағынауданында салынып жатқан үш үйдің құрылысымен танысты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай 2013 жылдан бері барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері өткізілуде. Үстіміздегі жылдың алдағы бір айында облыс бойынша атқарылған жұмыс сараланып, келер күнге жоспар құрылатын 656 есеп беру кездесуі өтпек.
Елбасының экономикалық дамудың жаңа жолын айқындап берген “100 нақты қадам” Ұлт жоспарына сай, былтырғы жылы елімізде ауыл шаруашылығы субъектілерін кооперативтерге біріктіру қолға алынған болатын. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Абдоллаевпен кездесіп, бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып беруін сұраған едік.
Мағжан Жұмабаев ауданындағы “АҚ-МОЛ НАН” жеке кәсіпкерлігінің басшысы Назарбай Қалиев ешкі сүтін өндірумен айналысатын шағын шаруашылық ашуды жоспарлап отыр. Бұл аудандағы тың жобалардың бірі. Кәсіпкер 3 млн. теңге көлемінде грант алуға өтініш беріпті. “Өз өнімдерімізді Петропавл қаласы мен облыс аудандарына өткізуді көздеп отырмыз”, – дейді ол.
Қаңтардың 17-і күні кешке Петропавл қаласының тұрғыны екінші полиция бөліміне ұлының хабарсыз кеткені туралы өтінішпен арызданған болатын. Әйелдің айтуы бойынша, оның 10 жастағы ұлы сағат 19-30 шамасында Украинская көшесі бойындағы дүкендердің біріне кетіп, үйіне оралмаған. Полиция қызметкерлері баланы іздеуге барлық жеке құрамды жұмылдырды. Кейін белгілі болғандай, кешке қарай дүкеннен шыққан бала әжесінің үйіне кіріп шықпақшы …
“Блок” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осыдан ширек ғасыр бұрын бетон блоктар шығарып, құрылыс материалдары өндірісіне қадам басқан болатын. Бүгінде кәсіптің бағыты өзгергенімен, нарыққа танымал кәсіпорынның аты сақталып қалған. Кәсіпорынның электр оқшаулағыш материалдар шығарумен айналысқанына да біраз жыл өткен. Ал осыдан тоғыз жыл бұрын серіктестік табыстың жаңа көзін тауып, инновациялық жобасын жүзеге асыруды қолға алды. Кәсіпорын …
“Береке басы – бірлікте” деген халық даналығын ұлықтаған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы Елбасының көрегендік саясаты екені сөзсіз. Мемлекет басшысы өзі атап көрсеткендей, бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы таза қазақстандық саяси жаңашылдықтың нәтижесінде қалыптасқан өзіндік бірегей институт деңгейіне көтерілді. Ол этносаралық және конфессияаралық келісімнің басты тетігі ретінде ел дамуында маңызды рөл атқаруда.
Бүгінгі таңда Петропавл қаласында “Мәңгілік Ел жастары – индустрияға”, “Серпін – 2050” әлеуметтік жобалары аясында еліміздің жұмыс күші артық оңтүстік облыстарынан келген бір мыңнан астам өрен білім алуда.
Өңір басшысы Ерiк Сұлтанов аппараттық кеңес басталмас бұрын жиналғандарға Қазақстан Республикасының “Азаматтарға арналған үкiмет” мемлекеттiк корпорациясы” коммерциялық емес акционерлiк қоғамы басқарма төрағасының бұйрығымен “Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаментiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалған Мұхамадияр Өмiрзақұлы Исматовты таныстырды.
Кеше облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласындағы бірнеше құрылыс нысандарында болып, олардың жұмысымен танысты. Ерік Хамзаұлы алдымен темір жол вокзалына соғып, жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарының барысын бақылады. Құны 134 млн. теңгелік жобаны үш жылдың ішінде аяқтау жоспарланған. Бүгінде вокзалдың қос қанатындағы шатырлары ауыстырылуда. Бас мердігер “Меркурий” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Альберт Насыров шатырды жөндеу …