Петропавл қалалық полиция басқармасына жуырда алаяқтыққа қатысты бірнеше арыз келіп түсті. Жәбірленушілердің айтуларынша, жас жігіт оларды интернет арқылы несие ресімдеуге үгіттеген және белгісіз бір акция шарты бойынша қарыз кейін толығымен өтеледі деп сендірген. Алаяқтың арбауына түскендер ұялы телефон сатып алған, алайда олар уәде етілгендей оны сатудан еш пайда көрмеген, несиелері жабылмай сол қалпында қалған. Алаяқ әр адамға 200 мың теңгеге жақын шығын келтіріп отырған.
Полицейлер облыс аумағында өткізілген “Hi-tech” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен 18 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол бір сценарий бойынша бірнеше алаяқтық жасағанын мойындады.
Күдіктінің сөзінше, бұл алдау тәсілін тамыз айынан қолданып келген. Тергеушілер барлық мән-жайды анықтап жатыр, қазіргі уақытта эпизодтар жиырмадан асады. Күдіктінің құрбаны – негізінен студент жастар.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.