«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛУАНДАРЫМЫЗДА – БЕС МЕДАЛЬ

Солтүстікқазақстандық балуандар Степногорск қаласында өткен ел біріншілігінен жүлделі оралды.

Грек-рим күресінен өңірімізге әйгілі бапкер, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Беспай Қайыповтың құрметіне өткізілген байрақты додада 6 бірдей күрес шебері өңіріміздің намысын қорғап, жемісті өнер көрсетті.

Спортшыларымыз 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншіледі. 46 килограмм салмақта күш сынасқан спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы Асылан Ерденов қарсыластарының барлығын оңай ұтып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.  

Аталмыш білім ордасының тағы бір оқушысы – Жансая Сайдуллаева өз салмағында үшінші болды. Еркін күреспен айналысқанына небәрі 5 жыл болған спортшы – ел біріншілігінің екі мәрте қола жүлдегері.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp