Шымкентте қазақ күресінен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жарылқасын Оңалбектің жүлдесі үшін халықаралық турнир өтті. Жарысқа қатысқан алты солтүстікқазақстандық балуанның екеуі олжалы оралды.
Халықаралық турнирге Қазақстан, Қытай, Индия, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан елдерінен 500-ге жуық спортшы қатысты. 60 килорамм салмақ дәрежесінде күрескен Мейіржан Берекетов алтыннан алқа тағынса, 66 килограмда Нұрғали Тұрсынғазиев қола медаль иеленді. Екі балуан да “Қызылжар арландары” клубының сапында жаттығады.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.