МУЗЕЙ ТАРИХЫ ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ
Өңіріміздің тарихынан сыр шертетін асыл жәдігерлері, киелі орындары, археологиялық қазбалары, қоршаған ортасы, тұрмыс-тіршілігіне байланысты құралдары топтастырылған мәдениет ордасының бірі – музей. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ашылғанына бір ғасырға жуықтаса да, алғашқы іргетасы қаланып, ашылған жылдардағы тарихы көмескілеу, күңгірттеу. Ол уақыттан бері қарайғы сарғайып кеткен құжаттарды салыстырып, зерттеп, зерделеп, жинақтап, жас ұрпаққа ұсынуымыз азаматтық міндетіміз болып саналады. …