«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛҒЫН БОКСШЫЛАР ДОДАСЫ

Петропавлда қазан айының соңғы жексенбісі – Қазақстан боксының күніне арналған қалалық жарыс жалауын көтерді. Облыстық бокс федерациясының ұйымдастыруымен өткен жарысқа шаһардағы төрт спорт мектебі – “Жеңіс”, “Олимп”, бокс мектебі және облыстық мамандандырылған спорт-интернаттың тәрбиеленушілері қатысты.

Екі күнге созылған сайысқа жетпіс шақты жасөспірім қатысты. Дода қорытындысы бойынша “Жеңіс” спорт мектебінен Станислав Вахромов, Артур Донов, Альберт Иманбеков пен Асанәлі Болат жеңімпаз атанды. Спорт-интернат шәкірттері Темірлан Үсенов, Эльдар Хамитов, Саматбек Смайылов, Вадим Мяличев пен Омар Төлебаев те бірінші орын иеленді. “Олимптің” намысын қорғаған Виталий Ганжа, бокс мектебінің тәрбиеленушілері Саали Камолов, Владислав Макаров, Нұржан Ұнайбеков, Алмас Дәуменов пен Данил Чернышов та өз салмақ дәрежелерінде үздік атанды.

Анна ПЕНЬКОВА,

 

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp