
Петропавл қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығында хореографиялық ұжымдар арасында облыстық “Каблучок” атты байқау өтті.
Облыстық білім басқармасы және балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауда Аққайың, Есіл, Қызылжар, Уәлиханов, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мен облыс орталығынан 300-ден астам өнерпаз бақ сынады. Би өнерін дамытып, дарындарды анықтауға мүмкіндік берген сайыста қатысушылар классикалық, заманауи биден жарысқа түсті. Петропавл қаласындағы “Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат” кешенінің өнерпаздары, заманауи хореография шеберханасының халықтық ұжымы, “Бимаржан”, “Арабеск”, “Гәкку”, “Қуанамын” би ансамбльдері мен Надежда Шлемина, Диана Дүйсенбина, Даниял Қанғожин, Ділнәз Сұлтанғалиева, Анатолий Зотов сынды бишілер жүлделі орындарға қол жеткізді.