Петропавлға арнайы келген Қазақстан қор биржасының мамандары жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.
Ондағы мақсат – бизнесті дамытуға қажет қаржы табудың балама жолдарын насихаттау. Мәселен, қымбат үстемеақы төлеп, кепілге мүлік қойып, банктен несие ала бергенше, акциялар, облигациялар шығарып, қор биржасынан инвесторлар тарту тиімді дейді олар. Бүгінде қазақстандық 140-тан астам компания осылайша эмитенттер қатарына қосылған екен.