«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЫЛ ПЕТРОПАВЛДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНАДЫ

Екі жылдық карантиндік шектеу шараларынан кейін биыл Петропавлда Наурыз мерекесі қайтадан кең көлемде атап өтіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы наурыздың 20-23  аралығында облыс орталығының бас алаңында мерекелік іс-шаралар өткізілетінін хабарлады.

– Қала тұрғындары мен қонақтары Ташкент шаһарынан келген өнерпаздардың, Гиннес рекортар кітабына енген Сергей Цирюльниковтың өнерін, сондай-ақ «Qyzyljar – шеберлер мекені» республикалық қолөнер фестивалінде көздің жауын алатын туындыларды тамашалай алады, – деді мәдениет басқармасының өкілдері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp