«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.03.2022

ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР БҰҒАТТАЛА МА?

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров азаматтарды толғандырған көптеген сұраққа, соның ішінде әлеуметтік желілер бұғатталады деген сыбысқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ОБЛЫСТЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРЫНДА 62 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕМ ҚАБЫЛДАУДА

Солтүстік Қазақстан облысындағы инфекциялық стационарларда 62 тұрғын емделіп жатыр. Ал 16 азамат амбулаторлық деңгейде ем қабылдауда. Мұндай ақпаратпен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Айманов бөлісті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ЖОҚ ТАУАРДЫ САТПАҚ БОЛҒАН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

Қазіргі уақытта әлеуметтік желі арқылы жалған тауарларды жарнамалап, тұрғындардың қалтасын қағатын киберқылмыскерлер көбейді. Мәселен, өткен жылдың басында «Olx.kz» сайтында және «Instagram» әлеуметтік желісінде бағасы өзге дүкендермен салыстырғанда әлдеқайда арзан жиһаз сатылатыны туралы хабарландыру жарияланған. Тиісінше, тұрғындар алаяқтардың сөзіне иланып, 40 мыңнан 120 мың теңге аралығында алдын ала төлемді аударып отырған. Арам ойын іске асырған ол …

ЖОҚ ТАУАРДЫ САТПАҚ БОЛҒАН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ Read More »

ПЕТРОПАВЛДА АУЛАІШІЛІК ЖОЛДАРДЫ АСФАЛЬТТАУҒА ҚАЛАЙ ӨТІНІШ БЕРУ ҚАЖЕТТІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Петропавл қаласыныңтұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғындарға аулаішілік жолдарды асфальттауға қалай өтініш білдіру керек екенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұрпақты рухани жұтаңдықтан сақтайық!

Тәу етер киеміз, бәрінен де қымбат – Тәуелсіздігіміздің торқалы тойы өтіп, төртінші онжылдыққа аяқ бастық. Егемен еліміздің жүріп өткен жолындағы қиын кезеңдер мен жетістіктер көз алдымызда. Ғалымдардың болжауынша, әлемде 4000-ға жуық ұлт пен ұлыс болса, солардың 300-інде ғана өз мемлекеті бар. Қалғанының мақтан етер елтаңбасы, көтерейін десе туы, салтанат құрған кезде шырқайтын әнұраны да жоқ. …

Ұрпақты рухани жұтаңдықтан сақтайық! Read More »

ҮЛКЕН ҮЙ

Халқымыздың салт-санасындағы қасиетті ұғымдардың бірі – қара­шаңырақ. Бүгінгі ұрпақ сол шаңы­рақты қастерлеу түгілі, осы сөздің мағынасын түсінуден қалып бара жатқаны өкінішті. Бұрын үлкен үйге ие болған ұл мен келін басқалар­дың ілтипатына бөленген. Мереке күндері ағайын-туыс алтын діңгек – қарашаңыраққа сәлем бере барып, дастарқаннан дәм татуды парыз са­наған. Өкінішке қарай, бабалары­мыздан жеткен шаңырақты сыйлау, үлкенді қадірлеу …

ҮЛКЕН ҮЙ Read More »

Әдепті бала – арлы бала

Сәбиді туа біткен мінезі қандай болса, дәл солай қабылдау жайында және оны кемшіліктерімен, қателікте­рімен қоса жақсы көре білу керектігі туралы естіп жүрміз. Алайда бала тәрбиесінде шектеу болуы болуы тиіс. Сіз не істесеңіз де немесе не айтса­ңыз да, ол баланың өздігінен дамуы­на, жауапты болуына, еркін шешім қабылдауына, сезімін ашық білдіруі­не, өз әрекетінен пайда болған нәти­жені бағалай …

Әдепті бала – арлы бала Read More »

ЖАРЫСҚАЗАН

“Бесіксіз үйде береке жоқ” деген қа­зақ үшін бала – өмірдің қызығы, жал­ғасы, тіршілігінің діңгегі. Жүректері қа­тар соғып, шаңырақ құрғаннан бастап екі жастың да, ата-ананың да басты ар­маны ұрпақ сүю болатыны анық. Ке­лінінің бала көтергенін сезген ененің кеудесін қуаныш кернеп, көрші-қолаң, ауыл-аймақ, ет жақындарын жиып, құрсақ тойын жасаған. Құрсақ тойына келген әр әйел шашуын ала келіп, …

ЖАРЫСҚАЗАН Read More »

Сафуан Шаймерденовтің суреткерлік табиғаты

Сафуан Шаймерденов прозаның барлық жанрларында дерлік қалам тербеп, бірнеше әңгімелер мен по­вес­тер, драматургиялық шығарма­лар жазды, сонымен қатар поэзия, пуб­лицистика, аударма жанралары­ның бәріне бірдей үлес қосты.

Қызылжар өңірі әдебиетінің өткені мен бүгіні

Ақ қайыңдарымен ажарлы, ән-жырымен базарлы, елдің шетіндегі, суық желдің өтіндегі қасиетті мекен – Қызылжар топырағы – алуан-алуан жүйріктерді томағасын сыпырып бәйгеге қосқан алтын тұғыр! Бұл өлкеден де талай-талай ел бастаған көсемдер, от ауызды, орақ тілді шешендер, найзалы батырлар мен намысты ақын-жыраулар шыққан.

Могиканның соңғы тұяғы…

Қазақ әдебиеті алыптарының ақыр­ғысы Ғабит Махмұтұлы Мүсі­репов Солтүстік Қазақстан облысы­ның Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында 1902 жылдың 22 науры­зында дүниеге келіп, 1985 жылғы 31 желтоқсанда Алматы қаласында өмір­ден өткен біздің даңқты жерле­сіміз. Биыл 120 жасқа толып отырған ол қазақ әдебиеті алыптарының арасында барлық құрметке бөленіп, барлық атақ-даңқтарға қол жеткізіп, баянды да ұзақ ғұмыр кешкен ба­қыт­ты жан …

Могиканның соңғы тұяғы… Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕЗҚАНАТТЫ ЖЕЗКИІГІ

Ақын – құбылыс! Бұл жаратқан иенің құдіретті есімі. Гомерден бастап Гете, Пушкин, Шекспир, Байрон, Бернс, Мағжандарға дейін осындай. Алла жарылқап, аруақ жебеген адамдар олар. Ертедегі Шығыс патшалығының көпшілігі шетінен ақын, ғұлама, философ. 15 ғасырдағы қазақтың ақын жырауларына қараңыз. Қазтуған, Доспанбет, Ақтамберді – әрі батыр, әрі ақын, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сөз бастаған шешен, …

ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕЗҚАНАТТЫ ЖЕЗКИІГІ Read More »

Оғландар ордасы

Қызылжар өңірі – тарихи тамыры те­реңде, жүрегі өлеңге, санасы көр­кем ой мен сұлу сөзге мейілінше су­сындаған байтақ жер һәм ордалы ел.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ БОЙЫНША КӨШ БАСЫНДА

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров әлеуметтік-экономикалық даму бойынша республика өңірлері арасында көшбасшылар мен аутсайдерлерді атады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӨРТ МАМАНЫНА ҚАТЫСТЫ СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті төрт бірдей көліктік бақылау қызметкері мен екі кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.