«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЛАШАҚҚА БАСПАЛДАҚ

Уақыт озған сайын өмірімізде жаңа үдерістер мен тың өзгерістер орын алуда. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты биылғы Жолдауы барша қазақстандықтардың жүрегіне жылылық нұрын ұялатып қана қойған жоқ, олардың жарқын болашаққа деген сенімдерін күшейтті. Ал Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен еліміз дамудың жаңа кезеңіне нық қадам баспақ.

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ бүгінгі күн мен болашақтың күрделі сынақта­ры­мен өлшенетін мегажоба екенін айтты. Шетелдік дипломаттар алдында сөйлеген сөзінде Елбасы: “Меніңше, оны тереңірек зерделеп, түсініп алған жөн. Бұл саяси ұйым емес. Бүгін бұл – таза экономикалық ынтымақтастық. Ол біздің мемлекеттердің қажеттілігінен туындап отыр. Қазақстан үшін бұл алып нарық өте маңызды. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қарсаңында біз өз бизнесімізді шынықтырып алуға тиіс­піз!” – деп атап көрсеткен болатын.

Экономикалық кеңістікті кеңейту, соның аясында халықтың мүддесін, одаққа енетін барлық мемлекеттердің экономикасын дамытуда мұның біздің елге берері мол. Мәселен, сарапшылардың бағдарлауынша, 2030 жылға дейін бұл ықпалдастық 3 елге жалпы ішкі өнімнің 25 пайыздық өсімін береді екен. Елдегі өнімдерді сату кеңістігі кеңейіп, жаңа өндіріс ошақтары ашылса, осылайша еліміздің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігі арта түссе, ұлттың ұтары мол. Көзі қарақты, құлағы түрік ел халқы, әсіресе, жастар қауымы экономикалық одақтың осындай тиімді тұстарын іс жүзінде көреді деп ойлаймын.

Бұл ел ертеңі, болашақтың қамы үшін жасалатын үлкен шаруа екендігін әркім де жақсы сезінуі керек. Елбасының әр сөзін терең ұғынып, мемлекеттік маңызға ие бағдарламаларды насихаттауда белсенді жұмыс атқаратын жастар қауымы Еуразиялық экономикалық одақтың бағыт-бағдарын түсіндіру ісіне де жұмылдырылмақ.

Виктор МОЛОДОВСКИЙ,

облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі

басқарма басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp