Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес асыл қазынасы. Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған егемендігіміз ертеңгі күні сенімді қолға өтуі аға буын үшін аса маңызды. Сондықтан республикамыздың түкпір-түкпірінде өтіп жатқан “Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” акциясына мектеп оқушылары белсенді атсалысуда. Ақжар ауданындағы Бостандық орта мектебінің ұжымы халықтық шараға арналған “Бірлік. Тәуелсіздік. Прогресс” патриоттық акциясы шеңберінде мерекелік концерт ұйымдастырды.
Шараға арнайы келген Кішіқарой ауылдық округінің әкімі Ермек Қайыржанов пен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Медет Досжанов мектеп ұжымы мен концертті тамашалай келген ауыл тұрғындарын ортақ қуанышпен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Концертте негізінен патриоттық әндер орындалды. Әсіресе, Айсұлу Тілеу мен Ділназ Жаркенованың шырқаған әндерін көрермендер жылы қабылдады.
Гүлжан ЫДЫРЫСОВА,
Бостандық орта мектебі
директорының орынбасары.
Ақжар ауданы.