«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЗГЕ ДЕ ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЛСА

Соңғы жылдары мемлекет та­ра­пы­нан тұрғын үйге мұқтаж от­ба­сылардың санын азайту мақса­тын­да түрлі бағдарламалар жүзе­ге асырылуда. 

Әрине, биліктің қа­ра­пайым халықтың жағдайын ой­лап жатқаны көңіл қуантады. Мем­лекеттік бағдарламалар арқы­лы қаншама отбасылар баспаналы болу ба­­қытына кенелуде. Менің айта­йын дегенім, “Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкі” арқылы ипотека рә­сім­дегендер үшін табыс салығына жеңілдіктер қарастырылған. Яғни, олардың еңбекақысынан ұстала­тын салық мөлшерінің пайызы азай­т­ылады. Осындай жеңілдік­тер басқа да банктер арқылы мем­ле­кеттік бағдарламаға қатысу­шылар үшін де қарастырылса, нұр үстіне нұр болар еді. Мен “Ха­лық банк­тен” “7-20-25” бағдарла­масы арқы­лы тұрғын үй рәсімдедім. Кейін та­быс салығының жүк­темесін азайту үшін банкпен жасалған заемдық ке­лісімшартты есеп бөліміне апа­рып бергенімде, екінші деңгейлі қар­жы институт­тары арқылы не­сие­ге қол жеткізгендерден табыс са­лығы толық ұс­талатынын айтты. Редакция тіл­ші­лері менің өтінішім­ді тиісті ор­ган­­дарға жеткізсе екен деп, хат жа­зып отырмын.


Алмагүл ЖАҢБЫРБАЙҚЫЗЫ,
Петропавл қаласының тұрғыны.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp