
Петропавлдағы “Көпбейінді құрал-жабдықтар зауыты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ай сайын 300-ге жуық геологиялық барлау, кен өндіру, энергетика салаларына арналған тапсырыстарды орындайды. Әртүрлі қосалқы бөлшектер де осы зауыттан шығады. Кәсіпорынның кез келген тетікті жасауға қуаты да, еңбеккерлерінің біліктілігі де жетеді.
Кеңес Разақов – серіктестіктегі білікті мамандардың бірі. Жұмысына жауапкершілікпен қарайтын ол әріптестері арасында беделге ие. Әр тетікті қырнап, қажетті пішінге салып, атқарған жұмыстарына әріптестері риза. Сондай-ақ, ол техниканың дамыған заманында зауыттағы құрал-жабдықтардың жұмыс істеу үдерісін де үйренуде. Соңғы жылдары кәсіпорынға жас мамандар көп алынуда. Кәсіптік білім беретін оқыту орындарынан келген жастарды үйрету ісіне Кеңес Разақов сынды еңбекке шыныққан адамдар тартылады. Өз ісінің шебері кәсіпорынның кадр мәселесіне де сүбелі үлес қосып отыр. Кеңес Разақов жақында облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.