«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.12.2016

БІЛІКТІ БАСШЫ, ТӘЖІРИБЕЛІ ӨРТСӨНДІРУШІ

“Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын…” дегендей, өзіммен тетелес әріптесім Жанарбек Ахметов туралы қалам тартуды жөн көрдім. Азаматтық қорғаныс подполковнигі Жанарбек Жанабекұлы №1 өрт сөндіру бөлімін басқарады. Ер жігітке тән дағдылары мен өмірлік көзқарасы бар одан көп үлгі алуға болады.

АЙЫЛДАРЫН ЖИМАҒАНДАРҒА — АЙЫППҰЛ

Биыл өңірде жалақыны уақытында төлемеу фактілері бойынша еңбек инспекторларына жұмысшылардан 194 өтініш түскен. Олар бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде жұмыс берушілерге 35 млн. теңгеден аса айыппұл салынған. Бірақ, мәселе түпкілікті шешілген жоқ.

«АЙДАР РИО-дан ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛАТЫН ЕДІ», – жолдама алып тұрып Олимпиадаға қатыса алмағаны әлі күнге дейін өзегімді өртейді, дейді ауыр атлетикадан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Ерік Әлібаев

  Катардың Доха қаласынан қуанышты хабар жыл құсындай сағынтып жетті. Онда өткен Азия кубогында азуын айға білеген кіл мықты зілтеміршілер арасында күш сынасқан жерлесіміз Айдар Қазов топ жарып, алтын медальды қанжығасына байлады. Ел намысын абыроймен қорғаған оғланымызға облыс әкімі Ерік Сұлтанов жеделхат жолдап, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойындағы барша қазақстандықтардың тамаша жеңісімен құттықтады.

БАЛАЛЫ ҮЙГЕ БАҚЫТ ҚҰСЫ ҚОНАДЫ

Қазақ әйелдерінің етегі қашаннан балаға толы болған. Іңгәлап өмір есігін ашқан нәрестені бар байлығына балай білген ақ жаулықты аналарымыз көп құрсақ көтерген. Иә, бұл осыдан тура ондаған жылдар бұрын болған статистика. “Елу жылда ел жаңа” дегендей, бүгіндері заман да, адам да өзгерді. Құдай есіркеген құлына бала береді деген түсінік бүгінде мәнін де, мағынасын да жоғалтып …

БАЛАЛЫ ҮЙГЕ БАҚЫТ ҚҰСЫ ҚОНАДЫ Read More »

ХАЛЫҚТЫҢ ПІКІРІН ЖЕТКІЗЕДІ

Әдiлет министрлігі мен оның аумақтық органдарының атқаратын қызметінің бір түрі орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк-құқықтық актiлерiн, әкiмдердiң, әкiмдіктердің, мәслихаттардың нормативтiк-құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу болып табылады.

Әрдайым назарда

Бүгінгі таңда облыстық ішкі істер департаментіндегі есепте 8 соғыс ардагері тұр. Тәуелсіздік күні қарсаңында олар құрмет пен қошеметке бөленді.

ЕКІ АЯҒЫ ЖОҚ МҮГЕДЕК заманауи шеберхана ашып, өзі сияқты тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандарды жұмыспен қамтуды армандайды

Жұмыр басты пендені алдында қандай қиын өткелдер мен бұралаң жолдар күтіп тұрғаны болжаусыз; бір Жаратқанға ғана аян. Сергей осыдан сегіз жыл бұрын тағдыр тәлкегіне ұшыраймын деп еш ойламаған. Құрылыс учаскесінде еңбек етіп, ел қатарлы нәпақасын тауып жүрген. Жазым деген аяқастынан екен. Бірде техникалық қауіпсіздік шараларының сақталмауы салдарынан жұмыс учаскесінде өндірістік жарақат алып, ауыр халде ауруханаға …

ЕКІ АЯҒЫ ЖОҚ МҮГЕДЕК заманауи шеберхана ашып, өзі сияқты тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандарды жұмыспен қамтуды армандайды Read More »

Ауыл мектебінің әлеуеті жоғары

Шағын жинақты мектептер – бұл алыс мекендерде орналасқан қазақ ауылдарының ұйтқысы, олардың әлеуметтік-мәдени дамуының өзегі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған бір Жолдауында: “Ауыл – бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді”, – …

Ауыл мектебінің әлеуеті жоғары Read More »

ТАБЫСТЫ БОЛЫП, ӨРГЕ БАСҚЫҢ КЕЛСЕ, “ӨРЛЕУГЕ” ҚАТЫС!

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Мемлекет басшысының “Бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы” ұлттық жоспарында баяндалған тапсырманы іске асыру үшін әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейту арқылы оны оңтайландырудың жаңа әдісін қарастыруда.

БІЛІКТІ ҚЫРНАУШЫ

  Петропавлдағы “Көпбейінді құрал-жабдықтар зауыты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ай сайын 300-ге жуық геологиялық барлау, кен өндіру, энергетика салаларына арналған тапсырыстарды орындайды. Әртүрлі қосалқы бөлшектер де осы зауыттан шығады. Кәсіпорынның кез келген тетікті жасауға қуаты да, еңбеккерлерінің біліктілігі де жетеді.

Мейірім шуағы

“АДОН-Север” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Қызылжар” мейрамханасында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңажылдық қайырымдылық шарасы өтті.

БИЗНЕСКЕ ДАҒДАРЫС КЕДЕРГІ ЕМЕС

Бүгінгі таңда елімізде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Шағын және орта бизнестің жолын ашатын мемлекеттік бағдарламалар бар. Тек істі ілгері апаратындай қайтарымды бизнес-жоспарың болсын. Осындай игілікке қолы жетпесе де, ісін ілгері алып келе жатқандардың бірі “Омаров” жеке кәсіпкерлігі деу орынды. Біз мұны Амангелді Омаровпен әңгімелесу барысында айқын аңғардық.

ЖАС ОТБАСЫЛАР ҚУАНЫШЫ

Айыртау ауданының орталығы – Саумалкөл ауылында еліміздің мерекелі жылында бірқатар жаңа нысандар ашылып, пайдалануға берілді.

“Парыз” байқауының жүлдегерлері

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Қазақстанның тұрақты даму стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылдан бері “Парыз” республикалық байқауы ұйымдастырылып келеді.

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҮЛЕТКЕН МЕКЕН

Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында елімізде әлеуметтік, жұмыссыздық, тұрғын үй құрылысы, жол жөндеу мәселелері тиімді шешілуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты кезекті Жолдауында және “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында ауылды дамыту жөніндегі тапсырмаларын және өзге де бағдарламалық құжаттарда қойылған міндеттерді орындау жөнінде нақты іс-шаралар белгілеген болатын. …

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҮЛЕТКЕН МЕКЕН Read More »

Алдағы жұмыстар пысықталды

Өңір басшысы Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте 2017 жылы барлық деңгейдегi әкiмдердiң есеп беру кездесулерiн өткiзуге дайындық барысы пысықталды. Облыс әкiмi аппаратының басшысы Мадияр Қожахметтің айтуына қарағанда, үстіміздегі жылы барлық деңгейдегi әкiмдердiң тұрғындармен 656 есеп беру кездесуi өткiзiліпті. Келесі жылы да 656 кездесу ұйымдастыру жоспарланған.

Көлік ұтқан жерлесіміз

Еліміздің Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған “Түбіртек талап ет – сыйлық ұтып ал!” акциясының бас жүлдесі “Chevrolet” автокөлігін біздің жерлесіміз ұтып алды.

ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ — ҒАЖАЙЫПТАР МЕРЕКЕСІ

  Елбасының еліміздегі дарынды балаларды Жаңа жылмен құттықтап, оларға арнап мереке өткізетін әдемі дәстүрі бар. Биыл да бұл үрдіс үзілген жоқ, өз жалғасын тапты. Мұндай қызықтан қызылжарлық балақайлар да құр қалмады. Биыл өңірде Президент шыршасына 200-ге жуық бала қатысып, облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қолынан бағалы сыйлықтар алды.

АЛҒЫС АЙТТЫ, ӨТІНІШ БІЛДІРДІ

  Кеше “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ерік Сұлтанов өткізген қоғамдық қабылдауға қант диабетіне шалдыққандардың қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ольга Молчанова мен екінші топтағы мүгедек Күлбаршын Өтешова алғыстарын айту үшін келіпті.