«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР ЖАРЫМ ҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХЫ БАР РЕВОЛЬВЕР ТАБЫЛДЫ

Петропавл қаласының тұрғыны полицияға 1865 жылы шығарылған көне револьверді тапсырды. Облыстық полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөлімінің қызметкерлері анықтағандай, қару 1865 жылы жасалған Webley №2 «Бульдог» маркалы револьвері болып шықты. Ер адамның айтуынша, ерекше олжаны ол қала маңындағы Мещан орманынан тауып алған. Қару атуға жарамсыз деп танылды. Петропавлдыққа 30 мың теңгедей өтемақы төленетін болады. Тағы бір көне 1895 жылы шығарылған револьвер «наганды» облыс тұрғыны сәуір айының соңында тапсырды. Ал негізінен солтүстікқазақстандықтар мылтық тапсырады екен. «Естеріңізге сала кетейік, тіркелмеген қару үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. Бірақ қаруды өз еркімен әкеліп тапсырған азаматтар жауапкершіліктен босатылады», – дейді облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Оспанов. Тәртіп сақшылары түсіндіргендей, заңнама бойынша мұндай қару түрін тіркеу және қолдану бойынша рұқсат тек заңды тұлғаларға ғана беріледі. Тіркелмеген қаруды тұрғындардан сатып алу акциясы барысында петропавлдықтар 27 қару тапсырса, соның ішінде тарихи құндылыққа ие раритеттер де бар екен.

 

www.inform.kz 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp