«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҮКІЛ ЖЕТІСТІГІМІЗДІҢ БАСТАУЫ

Күлзия БАБЫШЕВА,

Бескөл орта мектеп-гимназиясының

орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, “Үздік мұғалім – 2012” байқауының жеңімпазы.

1. Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің экономикасы, ғылымы мен мәдениеті дами бастады. Әрине, өз мемлекетімізді құру, дағдарыстан шығу, жұмыссыздықты ауыздықтау оңай болған жоқ. Бірақ біз осы қиындықтарды мойымай жеңдік, аяғымызды нық бастық. Осының бәрін артқа тастап, еліміз сеніммен алға басып келеді. Тәуелсіздік алған кезеңде атқарылған істер аз емес: экономикасы қарқынды, іргесі берік мемлекет құрдық, адамдардың өмір сүру деңгейі жақсарды.

Қарқынды дамып, тез өзгеріске ұшырап жатқан әлемдік жағдайда бірінші кезекте мұғалімдерге осызаман талабына сәйкес өзіміздің педагогикалық қызметімізге көзқарасымызды, әдіс-тәсілімізді, қағидаттарымызды өзгертуіміз керек. Өйткені, білім берудің мазмұны түбегейлі өзгеруде, ол осызаманғы әлемдік тәжірибеге сәйкес білім беру тұжырымдамасынан құзыреттілік тұжырымдамасына ауысады. Нәтиже оқушылардың алған білім көлеміне қарай емес, белгілі деңгейдегі өмірлік міндеттерді шешу қабілетіне, шын мәнінде бар білімін тәжірибеде қолдана алуына және XXI ғасырда сұранысқа ие біліктілікке сәйкес болуына қарай бағаланады. Біздің бұл өзгерістеріміздің нәтижесі тәуелсіз, өз уәжі, қызығушылығы, сенімі, жауапкершілігі бар, қисынды ойлауы аса дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлесе алатын және сандық технологияларда құзыреттілігін көрсете білетін жаңа оқушы болып табылады.  

2. Біз, мұғалімдер жаңа мыңжылдықтың тәуелсіз жас мемлекетіне білімді, шығармашыл, болашағымыздың белсенді құрылысшыларын даярлау арқылы өз үлесімізді қосудамыз.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp