«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВЕЛОСИПЕДШІЛЕР ЖАРЫСЫ

Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жүлдесі үшін биыл бесінші рет өткен көпкүндік жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен жүзден астам велосипедші қатысты.

72,5 км және 80 км қашықтықтағы топтық жарыстар және 20 шақырымға жекелей жарыс  қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды Жамбыл облысының велосипедшілері иемденді, екінші-үшінші орындарға Астана қаласы мен Батыс Қазақстан облысының командалары жайғасты. Жарысқа қатысқан жасөспірімдердің барлығына Александр Винокуровтың арнайы жүлдесі  – велосипедшілер каскасы табыс етілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp