Құрметті оқырмандар!
2024 жылға арналған мерзімді баспасөзге жазылу науқаны 9 қазанда басталады. Осыған орай «Қазпошта» акционерлік қоғамы облыстық филиалының мамандары 2023 жылдың 9 қазанында сағат 10:00-де Петропавл қ., Пушкин к-сі, 61 мекенжайындағы операциялық залда «Жазылушылар күнін» өткізетін болады. Баршаларыңызды осы іс-шараға қатысуға шақырамыз! Бұл күні мерзімді баспасөзге ең алғаш болып жазылған оқырмандарға естелік сыйлықтар беріледі.