«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қазан 3, 2023

Жаңа маусым – жаңа театрда

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры  25-ші  маусымының  шымылдығын ашты. Осыған орай театр өнерпаздары өнер ордасына келген көрермендерді  әуезді саз, әсем әнмен қарсы алып, өлең оқып, би биледі. Жұртшылықпен сағынысып қауышқан актерлерге  облысымыздың құрметті азаматы Болат Сағындықов  батасын беріп, ардагер-ұстаз Қымбат Исманова ақ тілегін арнап, шашу шашты. Кейіннен меймандар театр актерлерімен әңгімелесіп, мәдениет ордасының …

Жаңа маусым – жаңа театрда Read More »

ТАУАҒАШТА ТУҒАН ТАУ ТҰЛҒА

Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби философ, Қазақстандағы жоғары мектептің алғашқы педагог-ұйымдастырушыларының бірі – Үмітбай Меңдекеұлы Балқашовтың туғанына биыл  125 жыл толды. Үмітбай Меңдекеұлының өз қолымен жазған ғұмырнамасында: «1898 жылдың желтоқсан айында Ақмола губерниясы, Петропавл уезі, Еменалы болысында тудым!» делінген.  Бұл – қазіргі Есіл ауданындағы Тауағаш ауылы. Алғаш рет молдадан сауат ашқан Үмітбай 13 жасында, яғни 1911-1915 …

ТАУАҒАШТА ТУҒАН ТАУ ТҰЛҒА Read More »

Ескірген атауларды ауыстыру сылбыр

«AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында алдымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында айтылған міндеттер мен оларды жүзеге асыру жайы талқыланды. Кеңес мүшелері мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Қазақстан халқының тілдерін дамыту туралы Айыртау, Аққайың, Қызылжар, Тайынша, Шал ақын, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандар мен Петропавл …

Ескірген атауларды ауыстыру сылбыр Read More »

МАЛДЫ АСЫЛДАНДЫРУ – МАҢЫЗДЫ ШАРА

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында нағыз дамыған ел  боламыз десек,  саяси реформалармен шектеліп қалмауымызды ескерте келіп, осы жұмысты  түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға тиімді ұштастыру міндеттерін қойды. Бүгінгідей  геосаяси ахуал ушығып тұрған сәтте экономиканың негізгі бағыттары бойынша орнықты даму  тұрақтылығымыздың  басты кепілі екені даусыз. Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі …

МАЛДЫ АСЫЛДАНДЫРУ – МАҢЫЗДЫ ШАРА Read More »

УЕФА ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖӨНДЕЛУДЕ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласындағы құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысанды аралады. Өңір басшысы алдымен «Қарасай» стадионындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Стадионда  өткен жылдың қазан айында ойын алаңының жабынын ауыстыру, оған жылыту қондырғыларын, автоматтандырылған суару жүйесін қою, матч-жарықтандыру, дизельді электр станциясын орнату жұмыстары басталған болатын. Осы мақсатқа 1 млрд. 282 млн.  теңге бөлінген. Жоба …

УЕФА ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖӨНДЕЛУДЕ Read More »

Газетке жазылып, сыйлық ұтып ал

Құрметті оқырмандар! 2024 жылға арналған мерзімді баспасөзге жазылу науқаны 9 қазанда басталады. Осыған орай  “Қазпошта” акционерлік қоғамы   облыстық филиалының мамандары 2023 жылдың 9 қазанында сағат 10:00-де  Петропавл қ., Пушкин к-сі, 61 мекенжайындағы операциялық залда “Жазылушылар күнін” өткізетін болады. Баршаларыңызды осы іс-шараға қатысуға шақырамыз! Бұл күні мерзімді баспасөзге  ең алғаш болып жазылған оқырмандарға естелік сыйлықтар беріледі.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Облыс әкімдігінде ел тарихында тұңғыш рет еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханға құрмет көрсетілді. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жеңімпазды құттықтап, сый-сияпат табыстады. Салтанатты жиынға спорт саласының қызметкерлері мен ардагерлері жиналды. Бірінші болып сөз алған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның жеткен жетістігіне тоқталып, оған алдағы жарыстарда сәттілік тіледі. – Сербияның Белград қаласында …

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Read More »

АТЫ-ЖӨНІН ҚАЗАҚШАЛАҒАНДАР КӨБЕЙДІ

Өңірде  тектеріне «-ов», «-ев» немесе «-ова», «-ева» жалғайтындар санының айтарлықтай кемігені байқалады. Ұлттық статистика бюросының  мәліметіне қарағанда,  елімізде соңғы екі жылда дүниеге келген ұлты қазақ балалардың 15 пайызында ғана «ов» пен «ев» қосымшалары кездескен. Бұл қосымшалар ең аз жалғанған өңірлер – Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Жетісу. Оған  демографиялық көрсеткіштердің де әсері айтарлықтай. Өкінішке қарай, орысша …

АТЫ-ЖӨНІН ҚАЗАҚШАЛАҒАНДАР КӨБЕЙДІ Read More »

АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ

Бір ғасырдан астам тарихы бар, шаңырағын қазақтың азаттығы жолында құрбан болған Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов сынды  Алаштың жарық жұлдыздары қалаған абыз басылым – облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газетінде ежелден қалыптасқан әдемі бір дәстүр бар. Газетіміздің бүгінгі биігіне жетуі үшін  бар өмірі мен қажыр-қайратын, қарым-қабілеттерін  арнаған ардагерлерге құрмет көрсету – біз үшін бұлжымас заң.  Газет ұжымы биыл …

АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ Read More »

АЙҚЫН МІНДЕТ АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы  халыққа Жолдауын Парламент сессиясының ашылуында жариялайды.  Сол жерде  алдағы орта мерзімдік жұмыстың бағыт-бағдары айқындалады. Нақты тапсырмалар беріледі, жаңа міндеттер жүктеледі. Парламент, Үкімет және басқа да құзырлы органдар тың қарқынмен іске кіріседі.  Президент  биыл да сол  дәстүрден жаңылған жоқ.  Жылдың басты құжаты –  «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында  халық …

АЙҚЫН МІНДЕТ АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ Read More »

Әр минут қымбат

Облыс әкімі  Ғауез Нұрмұхамбетов өңірді  аралаудағы алғашқы жұмыс сапарын Қызылжар ауданына қарасты «Қызылжар сүт» фермасынан бастады. 2020 жылы ашылған кешенде 1200 бас ірі қара бағылады, оның 600-ы–сауын сиыр. Жылына 6 мың тонна сүт өндіріледі. Заманауи тауарлы-сүт фермасының директоры Олжас Бектасовтың айтуынша, жабдықтар Германиядан әкелінген. Әр  сиыр күніне орта есеппен 28 литр сүт береді. Өнім «Масло-Дел», …

Әр минут қымбат Read More »