ЖҰМЫС КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРГІЗІЛУІ КЕРЕК
Облыс әкімі Айдарбек Сапаров №2 жылу-электр орталығында болып, жаңа мұржаның құрылысымен танысты. Бүгіндері мұнда құлаған мұржаның орнына жаңасы тұрғызылып жатыр. Сондай-ақ қазандықтарды жөндеу жұмыстары да жалғасуда. Өңір басшысы “Севказэнерго” акционерлік қоғамының өкілдерімен тілдесіп, алдағы жылыту маусымына дайындықты тездету қажеттігін айтты. – Қазір №3 түтін мұржасы жан-жақты тексеріліп жатыр. Мұнда ішкі жөндеу жұмысы аяқталды. Биыл 5 …