«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫНА ТІРКЕЛУДЕ

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы өткен жылдың желтоқсан айында биометрия жобасын іске қосқан болатын. Осы бір ай ішінде деректер базасына тіркеліп, мәліметтерін қалдырған азаматтардың саны 1473-ке жетті.

Мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдетуге мүмкіндік беретін қызмет алушылардың жеке басын растау механизмі “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы аясында іске қосылды. Биометрия – жеке мәліметтердің ақпараттық қауіпсіздігін күшейтуге көмектесетін құрал. Жоба жоспары бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаты немесе электронды цифрлық қолтаңбасы қажет болмайды. Бұл үшін бет бейненің сканерлік көшірмесі немесе саусақ іздерінің болуы жеткілікті. Қазіргі уақытта мұндай деректерді Астана мен Алматы қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтары қабылдауда.

Биометрия өз бетінше алынатын қызметтер санының артуын қамтамасыз етеді. Бұл жоба арқылы азаматтарға 52 мемлекеттік қызметтің көрсетілуі қарастырылуда. Олардың екеуі – мекенжай және жылжымайтын мүліктің болу немесе болмауы жөніндегі анықтамалар қазірдің өзінде тұрғындарға қолжетімді.

Айта кетейік, биометрия базасы қаржы, коммерциялық қызмет көрсету және қауіпсіздік салаларында, сондай-ақ, ғимаратқа кіру жүйесінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл әдіс әлемнің көптеген елдерінде ұтымды қолданылып келеді. Астана және Алматы қалаларында енгізілген биометрия қанатқақты жобасы қыркүйек айына дейін барлық облыстарда іске қосылады деп жоспарлануда.

Ерназар НҰРҒАЛИЕВ, “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КЕ АҚ-ы облыстық филиалының РR-менеджері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp