«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Деректер мен дәйектер

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, облыс орталығындағы 11 наубайхана тұрақтандыру қорының 1-ші сұрыпты 1136,5 тонна ұнын пайдаланады. Оларды ұнмен қамтамасыз ететін оператор – “Кара яз” ЖШС. Биылғы наурыз айынан бері оларға 684 тонна 1-ші сұрыпты ұн бөлінді.

“Петропавл нан-тоқаш комбинаты” ЖШС бидайды Мамлют ұн үгу кәсіпорнынан алады. Бір тонна бидайдың бағасы – 28300 теңге, 1-ші сұрыпты ұнның 1 килограмы – 48 теңге. Аталмыш серіктестіктің фирмалық дүкендерінде бір бөлке нан 46 теңгеден сатылады.

Үстіміздегі жылғы 2 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік материалдық резервтен 211 тонна құмшекер жеткізілді, оның 76,6 тоннасы облыс орталығына бөлінді. Бөлшек саудадағы қанттың 1 килограмы 131 теңге болып белгіленген. Осындай бағамен құмшекер қаланың 20 сауда нүктесінде сатылуда.

 (Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp