«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДИНАРА — ЕҢ ҮЗДІК ОПЕРАТОР

“Қазпочта” акционерлік қоғамы ең үздік операторды анықтады. Республикалық деңгейдегі байқау Астана қаласында өтті.

Биыл алғаш рет өткізілген байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген, заман талабына сай, білікті, өз ісіне жауапкершілікпен қарай білетін 15 маман қатысқан. Әріптестер арасында ұйымдастырылған байқауда Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған пошта қызметкері Динара Сүлейменованың асығы алшысынан түсіп, ол Қазақстанның ең үздік операторы деп танылды.

Үміткерлер үш кезеңде сынаққа түскен. Біріншісінде өз жұмысы жайлы жазылған эссе және бейнеролик, кәсіптік біліктілікті көрсету мақсатында пернетақтада мәтінді мейлінше тез теру жарысы өткен. Динара берілген тапсырмалардың барлығын жоғары деңгейде орындап, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

– Байқау оңай болған жоқ. Бірақ мен облысымыздың намысын қолдан бермеуге тырыстым. Әріптестерімнің арасынан топ жарып, алға шыққаныма қуаныштымын. Менің қуанышыма ортақ болған ұжымыма және облыс тұрғындарына дән ризамын, – дейді “Қазпочта” АҚ облыстық филиалының орталық операциялық бөлім операторы Динара Сүлейменова.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp