«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘСТҮРЛІ МАРАФОН

Сенбі күні Борки кентінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған “Дені сау ұлт – спортқа бейім Қазақстан” атты республикалық акциясы аясында саламатты өмір салтын ұстанатындардың басы қосылды. Шаңғысын сайлап келген азаматтарды облыс әкімінің атынан оның орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтап, сәттілік тіледі.

Қысы ұзақ, қары қалың өңіріміз үшін шаңғы тебу нағыз бұқаралық спорт түрі емес пе?! Осыны дәлелдеу үшін мемлекеттік қызметшілер, түрлі ұйымдардың өкілдері, студенттер табиғат аясында өзара сынға түсті. Бұл күні ауа райы да оң қабақ танытып, шаңғы жолына шыққандарға көтеріңкі көңілкүй сыйлады.  

– Шаңғы марафонына қатысуға мыңға жуық азамат тілек білдірді. Бұл, әрине, қуанарлық жағдай. Марафоншылар жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінді. Ерлер мен әйелдер командалары өзара мықтыны анықтайды, – деді бас төреші Александр Васильев.

Жарысқа қатысушылардың жасына шектеу қойылмаған. Себебі, мұндай шараларда жеңістен бұрын саламатты өмір салтын насихаттау маңыздырақ. Ереже бойынша марафонға қатысқандар бір шақырым қашықтықты бағындыруға тиіс болса, бұл жолы да олардың қатары қалың болды. Аталмыш марафон бір ай бойы демалыс күндері өткізіліп тұрмақ.

Тоқтар ҒАЛЫМ,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp