24 маусым күні облыс орталығында “Қымызфест” фестивалі өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалының кезекті баспасөз мәслихатында айтылды.
Ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мақсатымен өтетін шараның символдық белгісі қанатты тұлпар болмақ. “Таңдауымыздың Қамбар ата түлігіне түсуі тегіннен-тегін емес. Біздің бабаларымыз жылқыны осыдан 50 мың жыл бұрын қолға үйретіп, үй жануары ретінде тұрмыста пайдаланғанын, бие байлап, қымыз піскенін Айыртау ауданында орналасқан Ботай қонысында жүргізілген археологиялық қазбалар дәлелдеп отыр. Сондықтан ертеден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлерімізді жас буынның біліп жүргені жөн”, – деді “Қызылжар жастары” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлік Мұхамеджанов. Ол “Қымыз-фест” фестивалінің Германияда өтетін “Октоберфест” және Бразилияның “Карнавал” шараларының негізінде, бірақ төл мәдениетімізге сай өткізілетіндігін айтты.
Шара төрт бағытта ұйымдастырылады. Атап айтқанда, жоба атты карнавал-шеру, ұлттық тағамдар, халықтық жәрмеңке және “Сақа” ұлттық ойынын қамтып, әр аудан өкілдері өнер жарыстырады.
Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.