«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКЕУІ ДЕ АЙЫПТЫ

Аққайың ауданындағы Шағалалы ауылының тұрғыны учаскелік инспекторға қаруын ұрлатып алғаны жөнінде шағымданған. Жедел-іздестіру шаралары барысында 37 жастағы азамат ұсталды. Бүгінгі күні ол уақытша ұстау оқшаулағышында отыр. Оның үстінен “Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру, не қорқытып алу” бабы бойынша іс қозғалды. Оның қылмысы дәлелденсе, тиісті жазасын алатыны сөзсіз. Сол сияқты, атыс құралын сақтауға қалай болса солай қараған мылтық иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жыл басынан бері қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін 352 тұрғын жауапқа тартылған. Сонымен қатар, облыс аумағында жүріп жатқан “Қару” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында заңсыз қару сақтау фактілері анықталып, 4 мылтық-тапанша табылды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp