«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛБАСЫНА АРНАДЫ

Оқушылар арасында еліміздің Ұлттық мұражайының ұйымдастыруымен өткен “Менің Тұңғыш Президентім” атты республикалық байқауға өңіріміздің 7-8-сынып оқушылары қатысты. Өлең, шағын әңгіме, шығарма, шағын бейнеролик, көркемсурет жанрлары бойынша үздік еңбектер қатарына облысымыздан бес оқушының жұмысы енді. Соның үшеуі – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның шәкірттері. Тоқсан би орта мектебінің 7-сынып оқушылары Виолетта Бенга мен Дәурен Тенесов Тұңғыш Президентіміздің балалық шағы туралы әңгіме жазса, Ставрополка орта мектебінің шәкірті Иван Гаркуша Елбасының ерен еңбегін тырнақалды жырына арқау етіпті.

Марапаттау рәсімінен кейін оқушылар және ұстаздар ұлттық мұражайдың алтын зал, заманауи өнер, этнография, тәуелсіз Қазақстан, Астана залдарын аралап көрді. Меймандарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қыз-жігіттер жауһар жәдігерлерімізді таныстырды. Еліміздің түкпір-түкпірінен байқауға қатысқан балалар осылайша Астана қаласынан ерекше сезімге бөленіп, қуанып қайтты.  

Қарлығаш БЕЙСЕНОВА,

Тоқсан би орта мектебінің мұғалімі.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp