«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.12.2015

ҚЫРЫҚ ЕКІ ӘРІП

Қазақ тілінің Фонетика деген аймағында Әліпби деген ата мен Әліппе деген әже болыпты. Олардың 42 әріп деп аталатын балалары бар екен. Әліпби ата сол балаларына көпқабатты үй салып, әрқайсысын бір-бір пәтерге орналастырыпты. Мысалы: “А – ақылды, Ә – әдемі, Б – батыр”, – деп 1-інші, 2-інші, 3-інші пәтерлерді беріпті, ал одан кейінгілердің болашағына үміт артып: …

ҚЫРЫҚ ЕКІ ӘРІП Read More »

РОБОТШЫ ШЕБЕРЛЕР

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Айдын Тілеуғабылов пен Даниал Амангелді робот техникасынан республикалық олимпиадада жақсы көрсеткішке қол жеткізіп, қарашаның басында Катар елінде өткен әлем чемпионатына қатысып келді.

БІЛІМ БАЙҚАУЫ

Бүгінгі таңда білім саласына елеулі өзгерістер енгізілуде. Өскелең ұрпақтың көптілді, жаңа заманға сай, бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету мақсатында мектеп бағдарламасына бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі пәні енгізіліп, ол 2013-2014 оқу жылынан жүзеге аса бастады.

ТӨРТ МЕЗГІЛ

Айыртау ауданындағы Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушысы Ару Қалидың айналадағы табиғат құбылыстарына, адамдардың түрлі қасиеттеріне, туған жер тақырыптарына арнаған өлеңдері әлі көркемдік деңгейімен емес, шынайылығымен ерекшеленеді. Болашақта алмас тілді, сырлы сезімді ақын болуды армандайтын талапкердің тырнақалды туындысын ұсынып отырмыз.

АЛТЫ ЖАСАР СУРЕТШІ

ЮНЕСКО-ның дәстүрлі “Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан” жобасының биылғы тақырыбы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналды. Бұл жолы да еліміздің көптеген жас таланттары анықталды. Балалар мен жас жеткіншектер байқауына біздің өңірімізден бірнеше ұжым және жекелеген дарын иелері қатысып, өз бақтарын сынға салды. Оған қатысқан авторлардың ең жасы 3-те болса, ересегі – 17 жаста. Солардың қатарында петропавлдық “Арт-палитра” …

АЛТЫ ЖАСАР СУРЕТШІ Read More »

СЫНЫБЫММЕН МАҚТАНАМЫН

Әдия Әлібаева – сыныбымыздың оқу үздігі. Тәртібі де ұстаздарға ұнайды. Оған қарап, үлгілі оқушы қандай болу керек деген сауалға жауап алуға болады. Біздің сыныпта 23 оқушы бар. Соның ішінде ер балалар қыздарға қарағанда екі есе аз. Кейде біз, ұлдар, “Неге аз болдық?” – деген өкініш білдіретініміз рас. Бірақ бұл жай әншейін қыздардың алдындағы өркөкіректік. Сыныпта …

СЫНЫБЫММЕН МАҚТАНАМЫН Read More »

РИЭЛТОРҒА ПЫШАҚ СІЛТЕДІ

Облыстық ішкі істер департаментінің тергеушілері таяуда Петропавл қаласында орын алған қылмыстың мән-жайын анықтауда. Оқиға былайша өрбіген: риэлторлық компанияға келген жас жігіт сол мекемеде қызмет істейтін танысын пышақпен жарақаттайды. Ол суық қаруды жәбірленушінің денесіне емес, басына бағыттаған. Кейін тағы да қаскүнемдік жасағысы келіп, ұмтылғанымен, жәбірленушінің қарсылық көрсеткенінен сескеніп, оқиға орнынан ізін суытады. Риэлторға жасалған қастандық жылжымайтын …

РИЭЛТОРҒА ПЫШАҚ СІЛТЕДІ Read More »

ЖАС БИОЛОГТЕРДІҢ ЖҮЛДЕСІ

Облыс орталығындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушысы жуырда Новосібір қаласында өткен 6-шы “Жас биологтер турниріне” қатысып, жүлдегерлер атанды. Биология саласының білгірлерін бір арнаға тоғыстырған бүкілресейлік додада еліміздің намысын қорғаған мектебіміздің бес оқушысы: Светлана Захарова, Карина Кунакова, Томирис Ибраева, Әділхан Шоқанов және Айғаным Саханова мұндай үлкен сайысқа алғаш рет қатысып, Ресейдің түкпір-түкпірінен жиналған …

ЖАС БИОЛОГТЕРДІҢ ЖҮЛДЕСІ Read More »

ЕЛБАСЫНА АРНАДЫ

Оқушылар арасында еліміздің Ұлттық мұражайының ұйымдастыруымен өткен “Менің Тұңғыш Президентім” атты республикалық байқауға өңіріміздің 7-8-сынып оқушылары қатысты. Өлең, шағын әңгіме, шығарма, шағын бейнеролик, көркемсурет жанрлары бойынша үздік еңбектер қатарына облысымыздан бес оқушының жұмысы енді. Соның үшеуі – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның шәкірттері. Тоқсан би орта мектебінің 7-сынып оқушылары Виолетта Бенга мен Дәурен Тенесов Тұңғыш Президентіміздің …

ЕЛБАСЫНА АРНАДЫ Read More »

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ҚҰЛДЫРАТЫП АЛМАЙЫҚ

Газетіміздің №116 санында шыққан “Шаңырақ” қосымшасында “Той ма, шоу ма?” деген мақала жарық көрді. Бүгінгі таңда қазақ ағайындар тойларын қалай өткізіп жүргендігі, ондағы неше түрлі салт-дәстүрге қайшы келетін жаңашылдықтар жайында баяндалған мақаланы оқып, біз де үнсіз қала алмадық.

ЖАҚСЫ КЕЛІН ҚЫЗЫҢДАЙ

Мен алпысты алқымдап, қарттыққа аяқ басқан зейнеткерлердің бірімін. 45 жылдан астам уақыт ауыл шаруашылығында механизатор болып жұмыс істедім. Отбасылық жағдайымызға байланысты мектептен кейін оқуымды ойдағыдай жалғастыруға мүмкіндігім болмады. Отан алдындағы борышымды өтеп келген соң ауылда еңбек етіп жүріп, үйлендім. Құдай қосқан қосағым екеуіміз 5 бала сүйдік. Берекелі отбасымыздың шамын жағып, түтінін түтетіп отырғанымызға қырық жылдан …

ЖАҚСЫ КЕЛІН ҚЫЗЫҢДАЙ Read More »

ОЙНАП ЖҮРІП, ОТ БАСПА!

Балалар үйінің қасынан өткен сайын жүрегім ауырады. Терезе жаққа қарауға қорқып, аяғымды тезірек басып, ауланың қасынан өте шыққым келеді. Басымды көтере қалсам болғаны – әйнектің ту сыртынан екі көзі мөлдіреген кіп-кішкентай бала маған қарап тұрған сияқты болады. Осы бір сезім мені соңғы 10 жыл бойы мазалап келеді. Түнде ұйқымды, күндіз күлкімді ұрлап, жапырақтай жүрегім іштен …

ОЙНАП ЖҮРІП, ОТ БАСПА! Read More »

БАҚЫТ ДЕГЕН ОСЫ ДА…

Шаңырағын шуаққа бөлеп, керегесін кең, босағасын берік ұстаған жарасымды жұптардың бірі – петропавлдық Әбішевтер отбасы. Жүрек жылуымен бүкіл айналасына ілтипатын, шарапатын шашқан кеңпейіл, алтын құрсақты ана Сандуғаш Әбішева – баланың санасына ақылмен жол таба білген кішіпейіл, инабатты, жайдары жүзді жан. Отбасының татулығын, бірлігін сақтап, сөзімен ғана емес, үлгілі ісімен де өнеге көрсете білген асыл жар, …

БАҚЫТ ДЕГЕН ОСЫ ДА… Read More »

ҰЛТТЫҚ КИІМНЕН ҰПАЙЫМЫЗ ТҮГЕЛ МЕ?

“Заман жаңа, түр жаңа, киім жаңа, кінәлама ерсі деп мұнымды, ана”, – деп Фариза Оңғарсынова жырлағанындай, бүгінгі таңда жастардың киіміне қарап, кейде таңғаласың. Батысқа бас иіп, мәнсіз сұлулықпен сәнденіп жүрген қыздар мен жігіттер айналамызда қаншама?! Бұл сонда ненің көрінісі? Ұлттық киімдерімізді ұлықтай алмай жүргенімізден бе, әлде төл мәдениетімізге деген сүйіспеншіліктен еліктегіш әдетіміздің басым түсіп жатқаны …

ҰЛТТЫҚ КИІМНЕН ҰПАЙЫМЫЗ ТҮГЕЛ МЕ? Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ҚҰТЫ – “СҰЛТАН”

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, нақтырақ айтқанда, 1993 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен іргетасы қаланып, 1996 жылы ақпан айында ашылған, бұл күндері өз өнімдерімен Қызылжар өңірінің даңқын республикадан басқа 14 алыс-жақын шетелге танытып отырған бірегей кәсіпорын – “Сұлтан -ЭДМК” АҚ.

Театр – менің өмірімде

Ақтілек БАЛҚЫБЕКОВА, режиссердің көмекшісі: – Мен егемендіктің жарқын күнінде дүниеге келіп, бүгінде өзінің он бес жылдығын тойлап отырған театрдың алғашқы ашылған жылдарынан бастап, шығармашылық ұжыммен қоян-қолтық жұмыс істеп келемін. Кез келген елдің мәдениеті көрініс тауып, тарихынан сыр шертілетін киелі сахнаның әрбір қызметкерінің атқаратын міндеті де бір арнада тоғысып жатады, олар қайткенде көрерменнің көңілінен шығамын деген …

Театр – менің өмірімде Read More »

Біржан ЖАЛҒАСБАЕВ: “РУХАНИ ИГІЛІКТЕР САХНАДАН БАСТАЛАДЫ”

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен “Мәдениетті қолдау жылы” болып жарияланған 2000 жылы негізі қаланған С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры санаулы күндерден кейін өзінің он бес жылдық мерейтойын атап өтпек. Осы шығармашылық ұжымның жүріп өткен жолы, бағындырған биігі, алар асуы жайында аталмыш өнер ордасының директоры Біржан Жалғасбаевпен әңгімелесудің сәті түскен еді.

БАҚ ПЕН СОР

“Мен де бақытты жандардың бірі едім. Үйдің тұңғышы болдым. Әке-шешем мені қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірді. Ал мен болсам ата-анамның үмітін ақтай алмадым”, – деп бастады әңгімесін Жазира. – Бұл өмір соқтықпалы, соқпақсыз жолдардан құралған. Мен үшін зіл батпан қайғы-мұңға батырған өмірдің көлеңке тұсына ешқашан күннің сәулесі түспейтін сияқты болып көрінеді. Бәлкім, қателесетін шығармын? Не …

БАҚ ПЕН СОР Read More »

БІРЛЕСКЕННІҢ ЖОЛЫНДА ЖҮК ҚАЛМАЙДЫ

Жыл сайын, он екі ай тарих еншісіне айналар тұста Елбасымыз халқымызға жаңа Жолдауын жариялайтынына көзіміз үйренді. Биыл да келер жылдың басты құжаты жарияланатын күн алдын ала белгілі болып, 30-шы қарашада барша халқымыз көгілдір экранға көз салғаны түсінікті. Осы қатарда мен де болып, Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тұрғындарымен кеңесіп айтқан салмақты да сындарлы сөздеріне ұйып отырдым.