«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕДІ

“Нұр Отан” партиясының “Ұрпақтар сабақтастығы” жобасы аясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Петропавл қаласының құрметті азаматы Александр Липовоймен кездесті. Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілді.

Бұл күнгі кездесудің мақсаты ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, қоғамдағы ынтымақтастық пен патриотизмді нығайту, үлкенге деген құрмет дәстүрін жандандыру болатын.  

Александр Егорович осыған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірнеше рет кездесудің сәті түскенін еске ала отырып, әсерлерімен бөлісті. Алғашқы кездесуі Теміртау қаласындағы металлургия зауытында болыпты. Нұрсұлтан Назарбаевтың қаламызға келген әрбір сапары оның есінде. Ол жастарға Елбасымен бірге түскен фотосуреттерін көрсетіп, әрқайсысының тарихымен бөлісті. Кездесуге келген жастар Александр Егоровичтен Елбасының металлургиялық зауытта еңбек еткен кезде қандай болғанын, оның әріптестерімен достық қарым-қатынасын қызығушылықпен сұрады.

Кездесу соңында Александр Липовой “Нұр Отан” партиясының қатарына қабылданған жастарға куәліктер табыс етті.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp