«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛДЕ

Солтүстікқазақстандық спортшылар Көкшетау қаласында роллерлік президенттік көпсайыстан өткен сайыста жалпыкомандалық екінші орынға ие болды. Еліміздің 6 өңірінен 80-нен астам команда қатысқан аталмыш спорттық шарада облыс намысын 8 спортшы қорғаса, олардың 6-уы жүлдегерлер қатарынан табыла білді.  

Сайыс барысында 16-17 жас тобында Николай Бахура жеңімпаз атанса, Артем Островский мен Юлия Швыдкая 14-15 жастағылар арасында топ жарды. Тағы бір жерлес спортшы – Артур Сапаев күміс медаль иегері атанса, ал Юлия Михейкина мен Роксана Казарян өз жас топтарында үшінші болды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp